Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
22 тамыз 2018
  • 05
  • :
  • 50
17:00

Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеӊесініӊ 31-пленарлық отырысына қатысты06.06.2018
Экономика  21:45
Астана. 6 маусым. Kazakhstan Today - Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеӊесініӊ 31-пленарлық отырысына қатысты.

Жиында цифрлық трансформация, жаӊа технологияларды қолдану және экономиканыӊ одан әрі даму перспективалары жөніндегі мәселелер талқыланды.

Мемлекет басшысы басқосуда сөйлеген сөзінде Шетелдік инвесторлар кеӊесініӊ Қазақстандағы бизнес ахуалын жақсартуға және ұлттық экономиканы қолдауға бағытталған жұмыстарыныӊ нәтижелеріне тоқталды.

Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеӊесініӊ пленарлық отырысына қатысушылардыӊ баяндамаларын тыӊдаған соӊ, Қазақстанныӊ жаһандық сын-қатерлер жағдайында ұлттық экономиканыӊ тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін атқарып жатқан шаралары жөнінде айтты.

- Бүгінде біз қарқынды жаһандық өзгерістердіӊ куәсі болып, соған байланысты қиындықтарды бастан өткеріп отырмыз. Оларды еӊсеру үшін мен былтыр Үшінші жаӊғыру міндетін қойдым. Макроэкономикалық тұрақтылық қамтамасыз етіліп, бизнес ахуалы жақсарып келеді, - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев елдіӊ одан әрі жаӊғыруы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін атқарылатын жұмыстыӊ бірнеше бағытын атап көрсетті.

- Бірінші. Бұл - реттеуші ортаны жақсарту. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс, Салық және Кеден кодекстері сияқты жаӊа құжаттар күшіне енді. Кәсіпкерлікті реттеу мәселелері жөніндегі заӊнамалық түзетулер топтамасы қабылданды. Барлық бағыттар бойынша Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымыныӊ стандарттары енгізілуде, - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті құқық үстемдігін қамтамасыз етуге және мемлекеттік басқару ісініӊ сапасына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

- Екінші. Бұл - экономиканы диверсификациялау және жаӊа технологияларды енгізу. Еліміз бойынша индустрияландыру аясында 1200-ден астам жаӊа кәсіпорын іске қосылды. Инвестициялық және экспорттық стратегиялар жүзеге асырылуда, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы трансұлттық корпорациялармен бірге ірі жобаларды жүзеге асырудыӊ, аграрлық ғылымды дамытудыӊ, технологиялар трансфертініӊ және құрылыс саласыныӊ жоғары қарқынын қолдаудыӊ маӊыздылығын айтты.

Қазақстан Президенті үшінші басым бағыт ретінде инфрақұрылымды жаӊғырту қажеттігін атап өтті.

- Біз Еуразиялық мультимодальді көлік-транзит хабын қалыптастырудамыз. Жүзеге асырылып жатқан "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық бағдарламасы еуразиялық интеграцияны күшейтуге және Қытайдыӊ "Бір белдеу, бір жол" бастамасымен ұштасу мақсатына бағытталған. 5 шілдеде "Астана" халықаралық қаржы орталығыныӊ таныстырылым рәсімі болады. Бұл орталық Қазақстанныӊ қаржы инфрақұрылымыныӊ өзегіне және бүкіл Орталық Азия өӊірініӊ хабына айналуға тиіс, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы ел көлеміндегі және өӊірлердегі экономика салаларын цифрландыру үдерісіне кеӊінен тоқталды.

- Төртінші. Бұл - цифрландыру. Біз "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды бастадық. Цифрлық технологияны агро-өнеркәсіп кешеніне, көлік және басқа да негізгі салалардағы кәсіпорындарымызға енгізу қажет, - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев адами капиталды одан әрі дамыту қажеттігі және білім беру жүйесін трансформациялаудыӊ маӊыздылығы жөнінде айтты.

- Бесінші. Бұл - адами капиталды дамыту. Білім беру жүйесі экономиканы жаӊғырту мен цифрландыру арқылы трансформациялануы қажет. Осыған орай "Адами капиталды дамыту" мәселесін келесі отырысымыздыӊ тақырыбы етіп алуды ұсынамын, - деді Мемлекет басшысы.

Елбасы сөзініӊ соӊында Қазақстан экономикасын жаӊғырту үшін бірлесе тиімді жұмыс жүргізудіӊ маӊызды екенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке Шетелдік инвесторлар кеӊесіндегі жұмыс топтарыныӊ отырысында және бүгінгі басқосу барысында айтылған ұсыныстардыӊ бәрін ескеріп, қарастыруды тапсырды.
Просмотров: 1887

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter