14.12.2018, 22:07 5255

Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент трансформатор зауытын ашты

"Asia Trafo" инновациялық кәсіпорны - "Тассай" индустриялық аймағында орналасқан. Мұндай кеӊ көлемдегі трансформатор өндірісі Қазақстанда алғаш рет қолға алынып отыр. Жобаныӊ жалпы құны 18,9 млрд. теӊгені құрайды.

Астана. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ қатысуымен өткен телекөпір барысында Шымкент қаласында қуаттылығы 220, 500 КВ болатын жоғары кернеулі трансформатор шығаратын зауыт іске қосылды.

"Asia Trafo" инновациялық кәсіпорны - "Тассай" индустриялық аймағында орналасқан. Мұндай кеӊ көлемдегі трансформатор өндірісі Қазақстанда алғаш рет қолға алынып отыр. Жобаныӊ жалпы құны 18,9 млрд. теӊгені құрайды.

Жобаныӊ екінші кезеӊінде цифрлық транформаторларды өндіру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, мұнда Орталық Азияда теӊдесі жоқ электрсынақ зертханасы да құрылған. Зауыт өнімдері Қазақстан мен ТМД елдерініӊ сұранасын қанағаттандырады деп күтілуде. Кәсіпкерлікті қолдау картасыныӊ аясында жүзеге асырылған өндіріс орнында 220 адам жұмыспен қамтылады.

Жалпы ұлттық телекөпір шарасына қатысқан қала әкімі Ғабидолла Ибдірахымов жаӊадан іске қосылған кәсіпорынныӊ еӊбек ұжымымен кездесіп, зауыттыӊ алдағы өндірістік даму жоспарын талқылады.

Шымкент қаласында индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2018 жылы құны 9 710,7 млн. теӊгені құрайтын 9 жоба іске қосылып, жаӊа 635 жұмыс орны ашылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны