14.12.2018, 21:54 5561

Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір арқылы Түркістан қаласындағы Түйе сүтін өӊдейтін зауытты іске қосты

Айта кетейік, мұнда түйе сүтінен диабетпен ауыратындарға арналған таблетка, косметика, түрлі дәммен жасалған йогурттар, құрғақ таблеткалар өндірілетін болады.

Астана. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір арқылы Түркістан қаласындағы Түйе сүтін өӊдейтін "GOLDEN CAMEL GROUP LTD" зауытын салтанатты түрде іске қосты. Кәсіпорынныӊ ашылу рәсіміне Түркістан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев пен зауыт директоры Янг Джи қатысты.

"Біздіӊ кәсіпорын түйе және бие сүтін ұнтақ күйінде өндіретін еліміздегі бірегей жоба. Өнімніӊ 90 пайызы шетелге экспортталатын болады. Жоба Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында мал басын көбейтіп, түйе шаруашылығыныӊ дамуына септігін тигізеді. Біздіӊ жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара тиімді серіктестіктіӊ дәлелі. Қадірлі Елбасы, инвесторларға көрсеткен қолдауыӊыз үшін Сізге алғыс білдіріп, қос зауытымыздыӊ экспорттық өнімдерін жөнелтуге рұқсат беріӊіз", - деді Янг Джи.

Аталған жоба Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасыныӊ арасындағы ынтымақтастық меморандум негізінде құрылған. Сондай-ақ, 2015-2019 жылдарға арналған Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеӊберінде іске асыруға жоспарланған 51 жобаныӊ бірі. 10 гектар аумақты алып жатқан серіктестік жылына 2 500 тонна түйе сүтін өӊдеуге қауқарлы. Жоба жалпы құны 7,45 млрд. теӊгені құрайды. Заводта 85 адам жұмыспен қамтылған.

Айта кетейік, мұнда түйе сүтінен диабетпен ауыратындарға арналған таблетка, косметика, түрлі дәммен жасалған йогурттар, құрғақ таблеткалар өндірілетін болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны