11.04.2018, 16:46 4263

ОҚО: Түлкібаста биыл алма бау 165 гектарға ұлғаяды

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ таулы аймағында орналасқан Түлкібас ауданында биылғы жылы алма бау қосымша жаӊа 165 гектар жерге егіледі. Оныӊ 120 гектары қарқынды бау болмақ. Осылайша, ауданда жалпы бау көлемі 2 мыӊ гектарға жеткізіліп, оныӊ ішінде қарқынды бау 400 гектар шамасында болады деп жоспарлануда

Шымкент. 11 сәуір. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ таулы аймағында орналасқан Түлкібас ауданында биылғы жылы алма бау қосымша жаӊа 165 гектар жерге егіледі. Оныӊ 120 гектары қарқынды бау болмақ. Осылайша, ауданда жалпы бау көлемі 2 мыӊ гектарға жеткізіліп, оныӊ ішінде қарқынды бау 400 гектар шамасында болады деп жоспарлануда.

Бүгінде жергілікті биліктіӊ басты мақсаты - Түлкібас ауданында алма бау шаруашылығын дамыту. Осы мақсатта облыс әкімдігі мен ауыл шаруашылық басқармасы және аудан әкімдігі тарапынан үш жақты келісім түзіліп тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жасалған үш жақты келісім бойынша 2025 жылға дейін алма бау көлемін 3210 га жеткізу көзделсе, қарқынды бау көлемін 1170 га жеткізу жоспарлануда. Нәтижесінде осы жылдар ішінде жеміс - жидектерден жиналатын өнім көлемі 80-90 мыӊ тоннаға жеткізілмек. Бұл межеге жетуге ауданныӊ толық мүмкіндіктері бар.

Жалпы ауданда бау шаруашылығымен айналысатын 5 серіктестік пен 22 шаруа қожалық болса, олардыӊ ішінде "Көктал" шаруа қожалығы мен "Кентау" ЖШС-і биыл Ресей еліне экологиялық таза 600 тонна Түлкібас алмасын экспорттауды жоспарлап отыр.

Аталған шаруашылықтар бақ өсіруде алдыӊғы қатарлы елдердіӊ, оныӊ ішінде Түркия, Польша мемлекеттерініӊ соӊғы үлгідегі озық тәжірибелерін пайдаланып келеді. Бұл бауларда негізінен тамшылатып суғару технологиясы қолданылады. Барлық қажетті бау-бақша техникасы болған жағдайда, шаруашылық қызметкерлерініӊ еӊбегі айтарлықтай жеӊілдетіледі және агротехникалық шараларды жүргізуге ыӊғайлы болады.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны