27.04.2018, 23:55 3287

ОҚО: Түркістандағы индустриялық аймақта 14 жоба жүзеге асады

Түркістан қаласындағы Бекзат шағын ауданындағы индустриялық аймақта жобалық құны 11028,1 млн. теӊгені құрайтын 14 жоба іске қосылмақ. Бүгінгі таӊда 6 кәсіпорын мемлекеттік қабылдаудан өткен.

Шымкент. 27 сәуір. KazakhstanToday - Түркістан қаласындағы Бекзат шағын ауданындағы индустриялық аймақта жобалық құны 11028,1 млн. теӊгені құрайтын 14 жоба іске қосылмақ. Бүгінгі таӊда 6 кәсіпорын мемлекеттік қабылдаудан өткен. Нәтижесінде 240-қа жуық жұмыс орны ашылып, 1,3 млрд. теӊге инвестиция тартылды. Бүгін бұл туралы ОҚО өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қаласыныӊ әкімі Тәжібек Мұсаев мәлім етті.

Сондай-ақ, өӊірде түйе сүтін өӊдейтін "Golden Camel Group LTD" бірлескен қазақ-қытай кәсіпорны ағымдағы жылдыӊ тамыз айында іске қосылмақ. Бұл - түйе шаруашылығын дамытуға ерекше серпін беретін жоба. Кәсіпорын түйе сүтінен түрлі өнімдер жасап, 7 түрлі энергетикалық сусын шығаратын болады.

"2018 жылдыӊ қаӊтар-наурыз айында индустриалды аймақтағы кәсіпорындардыӊ өндірген өнім көлемі 343,3 млн. теӊгені құрап, жалпы өнеркәсіп өнім көлемінде үлесі 7,9 пайызды құрады. Ағымдағы жылдыӊ 3 айында өнеркәсіп өнім көлемі 4 331,2 млн. теӊгеге жетіп отыр" ,- деді Тәжібек Қалманұлы.

Бұдан бөлек, Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 2010-2017 жылдары жалпы құны 3203 млрд. теӊгенi құрайтын 15 жоба iске қосылып, 753 жұмыс орны ашылған. Өндiрiлген өнiм көлемi 424,8 млн. теӊге.

Сондай-ақ, сауда-логистикалық орталығын салуға жалпы алаӊы 20 гектар жер телімі бөлініп, мемлекеттік акті алыныпты. Орталықтыӊ құрылысына 237 млн. теӊге бөлінген. Онда жобалық құны 4792 млн. теӊгені құрайтын 10 жобаны орналастыру жоспарланып отыр.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны