20.04.2018, 23:18 6576

Өмірзақ Шөкеев Алматы облысына келген сапарында облыс әкімі Амандық Баталовпен бірге өӊірдіӊ бірқатар ауыл шаруашылығы нысандарында болды

Мұнан соӊ ҚР Премьер-министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Алматы облысындағы жұмыс сапарыныӊ қорытындысында Қарасай ауданы Қаскелеӊ қаласында ауыл шаруашылығы қызметкерлерімен кездесті.

Алматы. 20 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Алматы облысына келген сапарында облыс әкімі Амандық Баталовпен бірге өӊірдіӊ бірқатар ауыл шаруашылығы нысандарында болды, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Еӊ алдымен Ө. Шөкеев Еӊбекшіқазақ ауданына келіп, мұнда егіс алқаптарын, "АПК АДАЛ" АҚ-ныӊ сүт-тауарлы фермасы мен сүт өӊдеу зауытын аралады. Бұл кездесуде облыста "Адал" сияқты ірі кәсіпорынныӊ маӊайына шоғырланатын 100-200 басқа арналған шағын отбасылық сүт-тауарлы фермалар ашу қажеттілігі туралы сөз болды. Компанияныӊ жұмысы туралы бас директоры Серік Смайылов айтып берді.

"Адал" компаниясы 4 бағытта жұмыс істейді. Атап айтқанда сүтті-етті бағыттағы мал өсіріліп, күніне 25 тоннаға дейін сүт өндіріледі, оған қоса мұнда 2500 бастан астам мал ұстап отыр. Екінші бағыты - сүт зауыты, мұнда тәулігіне 150 тонна сүт өӊдейтін 2 цехы бар. Зауытта пастерленген және ультрапастерленген сүт, қаймақ, айран, сүзбе, сары май - жалпы сүт өнімдерініӊ 56 түрі шығарылады. Сол сияқты компания өз фермасы үшін мал азығын даярлайды. Кәсіпорынныӊ өнімдері Алматы қаласы мен Алматы облысыныӊ 5 мыӊдай сауда нүктелеріне жеткізіледі.

Бұдан соӊ делегация "Амал Био" ЖШС-ныӊ интенсивті бағына барды. Мұнда жеміс ағаштарын кесуге арналған заманауи арнайы техника көрсетілді. Серіктестік директоры Асқар Сабыровтыӊ айтуынша, шаруашылық жаӊа технологияны қолдана отырып, көкөніс пен жемістер өсірумен шұғылданады. Бүгінде кешенде 80 га жеміс бағы бар, алдағы уақытта ол 300 гектарға дейін кеӊейтілмек. Мұнда сыйымдылығы 6 мыӊ тонна жеміс-жидек және көкөніс сақтау қоймасы бар. Сол сияқты биылғы жылы жалпы алаӊы 750 шаршы метр болатын көтерме-бөлшек сауда павильоны ашылады. Жуық уақытта Алматы қаласында 5 "AmalBiomarket" сауда нүктелерін іске қосу жоспарланған. Осы орайда "Амал Био" ЖШС-ныӊ "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ белсенді қатысушысы екенін айта кету керек. Өткен жылы компания басшылығы жеке қаражатына Ащыбұлақ ауылындағы саябақты жаӊғыртып берген еді, бүгінгі күні де ауылды абаттандыруды, маӊызды әлеуметтік жобаларды қаржыландыруды жалғастырып келеді.

Өз кезегінде Өмірзақ Шөкеев қазіргі кезде бақ өсіруді дамытуда жүйелі жұмыс қажет екенін, зәкірлі кооперация қалыптастыру керектігін атап өтті. Сонымен қатар бақ өсірушілердіӊ бірігіп бірлестік құруы, тәжірибе алмасуы, бір-біріне қолдау көрсетуі керектігін де айтты.

Қапшағай қаласында вице-премьер "Маревен Фуд Тянь-Шань" ЖШС-ныӊ салынып жатқан зауыты мен "Green Land Alatau" жылыжай кешенінде де болды.

Жылдам дайындалатын кеспе шығаратын зауыттыӊ құрылысын "Mareven Food Holding" трансұлттық холдингі жүзеге асыруда. Бұл компания негізінен кеӊ қолданыстағы тағамдар мен полуфабрикаттар дайындауға, ауыл шаруашылығы өнімдерін өӊдеуге маманданған.

Серіктестіктіӊ бас директоры Александр Вязников биылғы жылдыӊ 10 сәуірінде өнім өндіру ісі тестілеу түрінде жүргізілгенін айтып, іске қосылған желініӊ жұмысын вице-премьерге таныстырды. Қазіргі кезде өндірістік процестердіӊ параметрлері өӊделіп, кадрлар оқытылуда. Жалпы құрылыс жұмыстары 90 %-ке аяқталып, инженерлік желілер жүргізіліп жатыр.

Атап өтсек, жобаға салынған инвестиция көлемі 50 млн. АҚШ долларын, ал жобалық құны - 10,5 млрд. теӊгені құрайды. Өндірістік қуаты - жылына 98 мыӊ тоннаға дейін, 500 жұмыс орны құралды. Өнім отандық нарықпен қатар Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыз, Түркіменстан, Моӊғолияға экспортталатын болады.

Ауыл шаруашылығы министрі жұмысымен танысқан "Green Land Alatau" ЖШС 2009 жылдыӊ желтоқсанында құрылған. Бұл - өӊірдегі аса ірі, техникалық жабдықталу жағынан озық жылыжай кешендерініӊ бірі. Жалпы алаӊы 10,5 гектар. Кешен туралы баяндаған ЖШС бас директоры Алмас Даутовтыӊ сөзіне сүйенсек, жылыжай кешені соӊғы үлгідегі жүйелермен жабдықталған. Олардыӊ ішінде тамшылатып суару, гидропоника, жарықтандыру, тұмандату жүйелері және тағы басқалары бар. Сонымен қатар климатты бақылау жүйесі де орнатылған. Кешен ішінде өлшеу және қаптау станциясы бар.

Оған қоса А. Даутов кешенніӊ өндірістік қуатына сай жылына 6 мыӊ тонна көкөніс өсіре алатынын айтты. Өнім түрлерініӊ арасында қиярдыӊ 2 түрі, қызанақтыӊ 2 түрі, салат шөптерініӊ де түрлері өсіріледі. 232 жұмыс орны құрылған. "Бұл жылыжай кешенініӊ даму деӊгейі өзгелерге үлгі бола алады, сондықтан мұндай озық тәжірибені тарату керек", - деді Ө. Шөкеев.

Вице-премьер сапарын Іле ауданындағы "Сарыбұлақ" ЖШС құс фабрикасында жалғастырды. Кәсіпорын құрамында жұмыртқа шығаратын құс фабрикасы, соя зауыты, бройлерлік құс фабрикасы бар. Шығаратын өнімдері: тауық жұмыртқасы, құс еті, соя майы, шрот. Компанияныӊ бас директоры Жеӊіс Смайыловтыӊ айтуына қарағанда, кәсіпорында 600 адам жұмыс істейді. Жылына 220 мыӊ дана жұмыртқа, 20 мыӊ тоннаға дейін ет өндіріліп, 75 мыӊ тонна соя мен бұршақты дақылдар өӊделеді. Өнімдері өз елімізде және шет елдерге саудаланады.

"Империя Фуд" ЖШС-ныӊ 3 мыӊ басқа арналған бордақылау алаӊы да Өмірзақ Шөкеевтіӊ назарынан тыс қалған жоқ. Жамбыл ауданына келген делегация алдымен осы нысанда болды. ЖШС президенті Арман Джавидан жобаға 1,8 млрд. теӊге инвестиция салынғанын айтты. Қазіргі кезде шамамен 2700 бас мал бордақылануда, өткен жылы 618 тонна ет өткізілген. Жылдық айналамын ұлғайтып, өндірістік қуатын 10 мыӊ басқа жеткізу алдағы жоспарда бар.

Мұнан соӊ ҚР Премьер-министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев Алматы облысындағы жұмыс сапарыныӊ қорытындысында Қарасай ауданы Қаскелеӊ қаласында ауыл шаруашылығы қызметкерлерімен кездесті. Жиын барысында Өмірзақ Шөкеев облыс басшылығыныӊ ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстарына оӊ баға беріп, Алматы облысыныӊ агроөнеркәсіптік кешенініӊ даму жетістіктерін атап өтті.

Өз кезегінде облыс әкімі Амандық Баталов көрсетіліп отырған қолдаулар үшін ризашылығын жеткізіп, өӊірдегі ауыл шаруашылығыныӊ дамуын әлі де белсенді түрде жалғастыра беретіндіктерін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны