10.12.2018, 01:20 6352

Өӊірлік индустрияландыру картасы аясында Түркістан облысыныӊ Келес ауданында жыл басынан бері 9 жоба іске асырылды

Құрылыс саласында ағымдағы жылы жалпы құны 15 млрд. 579 млн. теӊгені құрайтын 24 нысанныӊ құрылысы жүргізіліп жатыр. 17 нысан 2019 жылға өтпелі.

Түркістан. 10 желтоқсан. Kazakhstan Today - Өӊірлік индустрияландыру картасы аясында Түркістан облысыныӊ Келес ауданында жыл басынан бері 9 жоба іске асырылды. Жобалардыӊ жалпы құны - 592,1 млн теӊгены құрайды. Нәтижесінде 100-ден астам жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ, алдағы жылы 3 ірі жобаны іске асырылу көзделуде. Олардыӊ жалпы құны - 4 млрд. 100 млн. теӊге. Аталған жобалар жүзеге асса, 90 адам жұмыспен қамтылмақ. Бұл туралы Түркістан облысыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Келес ауданыныӊ әкімі Ақментай Есбаев мәлім етті.

Алдағы жылы ауданда жүзеге асатын жобалар: құны 1 млрд. теӊгелік "Оӊтүстік Агропродакшн" ЖШС 310 гектар аумаққа жерге грек жаӊғақ егу, "Бес Қара" ЖШС 400 га қарқынды бау егу (құны 3 млрд. теӊге), "Көшім" ШҚ-ныӊ балық өсіру және балық етін өӊдеу (құны 100 млн. теӊге) жобасы.

"Кәсіпкерлікті дамыту аясында белсенді шағын және орта бизнес бойынша өӊірде белсенді кәсіпкерлік субъектілер саны 7279 бірлікті құрап, тиісті кезеӊмен салыстырғанда 1,2 пайызға артқан. Салада шығарылған өнімдер мен көрсетілген қызмет көлемі 23,2 млрд. теӊгені құрап, 4,1 пайызға және бюджетке тиесілі төленген салық төлемдері 5,3 пайызға артып, 327 млн. теӊгені құрады. Сонымен қатар, негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 3020,5 млн. теӊге құрап отыр", - деді Ақментай Үсенұлы.

Ауыл шаруашылығы саласында жылыжай жыл басынан бері 10,6 гектар аумаққа салынған болса, тамшылатып суару әдісі 287 гектар жерге енгізілген.

Құрылыс саласында ағымдағы жылы жалпы құны 15 млрд. 579 млн. теӊгені құрайтын 24 нысанныӊ құрылысы жүргізіліп жатыр. 17 нысан 2019 жылға өтпелі.

Ал инфрақұрылым бойынша табиғи газбен қамтуда 83 елді мекенніӊ ішінде 38-не көгілдір отын жеткізілген. 2019 жылы табиғи газбен қамтуды ауданда 86,3 пайызға жеткізу көзделуде. Ауыз сумен қамту бойынша барлық 83 елді мекенніӊ құбыр сумен қамтылғаны 40. Алдағы жылы ауыз сумен қамту деӊгейін 72,4 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, сапалы электр қуатымен қамту бойынша ауданда қазіргі таӊда 40 елді мекенді құрады. 2019 жылы қамту деӊгейін 71,1 пайызға жеткізу межеленген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны