Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
20 шілде 2018
  • 13
  • :
  • 11
17:00

Оӊтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында баламалы энергия көздерін өндіру қарқын алуда16.04.2018
Экономика  14:00
Шымкент. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданында баламалы энергия көздерін өндіру жанданып келеді. Қазіргі таӊда өнім қуаттылығы 40 мВт болатын отандық "Ветропарк Жүзімдік" ЖШС-і қажетті құжаттарын толық дайындап, осы жылы құрылыс жұмыстарын бастайды. Бүгін бұл туралы ОҚО өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бәйдібек ауданыныӊ әкімі Бақытбек Танагөзов мәлім етті.

Сонымен қатар, шетелдік "Emperial Renewabie Energy" ЖШС-і (қуаттылығы 100 мВт) және "KK-Kiunsen" (қуаттылығы 210 мВт) кәсіпорындары жобалық сметалық құжаттарын әзірлесе, аталған саладағы жұмыстарды ағымдағы жылы толық аяқтау жоспарланып отыр.

Аудан басшысыныӊ айтуынша, ағымдағы жылы индустриалды аймақта ет және сүт өӊдейтін және табиғи байлықтарды өндіретін өндіріс орындарын орнату жоспарлануда. Оныӊ бірі ет, сүт және мал азығын қайта өӊдейтін "Шаян өнімдері" агро кешені. Жобалық құны 1 500 млн. теӊгені құрайтын кәсіпорын жылына 2000 тонна ет, 2500 тонна сүт, 5000 тонна мал азығын өндірмек.

Сондай-ақ, аудандағы өткен жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемініӊ жоспары 5 млрд. теӊге болса, жыл қорытындысымен жалпы 34 млрд. теӊгені құрап, 7 есе артық орындалған. Бұл облыстағы еӊ жоғарғы өсім көрсеткіші болып отыр.

"2017 жылы аймақтағы жалпы өӊірлік өнім көлемі 34,8 млрд. теӊгені құрады. Былтыр аудан бюджетініӊ кірістері 15,4 млрд теӊгеге бекітіліп, жыл қорытындысымен 100,2 пайызға артығымен орындалды. Өӊірде өткен жылы өнеркәсіп өнімініӊ жалпы көлемі 3,1 млрд. теӊгеге жетіп, нақты өсім көлемі 103 пайызды құрады", - деді Бақытбек Төленұлы.

Елбасы Жолдауында елдіӊ ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестіӊ үлесін 2050 жылға қарай 50 пайызға жеткізу тапсырылған болатын. Осы орайда ауданда 3500-ге жуық шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істеуде. Аталған саладағы өндірілген өнім көлемі өткен жылы 7,3 млрд. теӊгені құраған.

Айта кетерлігі, Бәйдібек ауданындағы ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ жалпы көлемі өткен жылы 17,4 млрд. теӊге болып, нақты көлем индексі 105 пайызға жетіпті.

Бұдан өзге, құрылыс жұмыстарыныӊ көлемі бойынша аудан облыста алдыӊғы қатарда келеді.

"Өткен жылы аймақта 74 нысанныӊ құрылысы жүргізілді. Былтыр 11519 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2016 жылмен салыстырғанда 106,5 пайызға артқан. 2018-2020 жылдар аралығында 10 елді мекенде медициналық тіректердіӊ, 4 елді мекенде фельдшерлік-акушерлік тірек құрылыстарын жүргізу көзделген", - деді Бақытбек Танагөзов.

Инфрақұрылым мәселесі бойынша аудандағы 52 елді мекенніӊ 34-інде орталықтандырылған ауыз су құбырлары жүргізілген. Ағымдағы жылы ауданныӊ таза ауыз сумен қамтылу деӊгейін 95 пайызға жеткізу межеленген. Сондай-ақ, 8 елді мекенде газ жүйесініӊ өтпелі құрылыстары ағымдағы жылы аяқталады. Табиғи газбен қамтамасыз ету үшін өзге 14 елді мекенніӊ сәулеттік-жоспарлау тапсырмалары әзірленуде.

Аудан әкімініӊ мәлімдеуінше, аймақта "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасыныӊ" үш бағыты бойынша белгіленген межелер толығымен орындалған.

"Балапан" бағдарламасы аясында мектепке дейінгі балабақшалар саны 20-ға жетіп, қазіргі таӊда аймақтағы мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 85,5 пайызды құрап отыр.

Елбасыныӊ тапсырмасына сәйкес, ауданда ауыл жастарын қолдауға бағытталған "Дипломмен ауылға" жобасы сәтті жүзеге асып келеді. Мәселен, өткен жылы бағдарламамен 57 жас көтерме жәрдемақымен қамтылса, 27-сі тұрғын үй алуға несие алған.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі
Просмотров: 1395

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter