13.06.2018, 18:08 3974

Оӊтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында 1 мыӊға жуық мал бордақылау алаӊы бар

Жалпы ауданда 917 мал бордақылау алаӊдары бар. Аталған алаӊдарда бір мезетте 32000-ға жуық бас мал бордақылануда. Қазіргі таӊда ауданда 209 770 бас ірі қара, 72 318 бас жылқы, 123 249 бас қой-ешкі, 5059 бас шошқа, 126 469 бас құс бар.

Шымкент. 13 маусым. Kazakhstan Today -Оӊтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында ағымдағы жылдыӊ төрт айыныӊ қорытындысы бойынша ауылшаруашылығы саласында өндірілген өнімніӊ көлемі 12 млрд. теӊгеден асып отыр. Осы есепті кезеӊде аймақта 8451 тонна ет, 38 969 тонна сүт, 5511 мыӊ жұмыртқа өндірілген. 2017 жылдыӊ осы кезеӊімен салыстырғанда ет 127,2 пайызға, сүт 102,9 пайызға, ал жұмыртқа 103 пайызға артығымен орындалды.

Жалпы ауданда 917 мал бордақылау алаӊдары бар. Аталған алаӊдарда бір мезетте 32000-ға жуық бас мал бордақылануда. Қазіргі таӊда ауданда 209 770 бас ірі қара, 72 318 бас жылқы, 123 249 бас қой-ешкі, 5059 бас шошқа, 126 469 бас құс бар.

Бұдан өзге, Сайрам өӊірінде 49 бірлік кооператив құрылған. Олардыӊ құрамында 3000-нан астам мүше бар. Кооперативтердіӊ жалпы ауыл шаруашылығы жерлерініӊ көлемі 13 гектардан асса, мал басы 19 000-ға жуықтайды.

Сонымен қатар, биыл аймақта 51 110 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары егіліп, жоспар 100,6 пайыз орындалып отыр, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны