09.12.2016, 17:48 4680

Оӊтүстік Қазақстан облысында баламалы қуат көздерін пайдалану саласында 27 жоба жүзеге асырылуда

Қазіргі таӊда, облыс аумағында бұл салада 27 инвестициялық жоба жүзеге асырылу үстінде, оныӊ ішінде 3 жоба 2013-2015 жылдары іске қосылса, 1 жоба желтоқсан айында іске қосылады, ал 6 жоба белсенді түрде жүзеге асырылуда.

Шымкент. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысында баламалы қуат көздерін пайдалану саласында 27 жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Икімдіктіӊ ақпаратына сәйкес, Оӊтүстік Қазақстан облысында электр энергесияныӊ тапшылығы байқалады. Ішкі желілер қажеттіліктіӊ тек жартысын ғана қамти алады. Тапшылық негізінен облысқа жақын орналасқан өӊірлерден электр энергиясын тасымалдау есебінен қамтамасыз етіледі.

Бұған альтернатива ретінде облыстыӊ табиғи әлеуетін қолдану қажет, себебі өӊірде жылына орта есеппен 300 күн шуақты болады, сондай-ақ, Сырдария, Арыс, Келес, Сайрамсу секілді бірнеше өзендер бар.

Осыған орай, Оӊтүстік Қазақстан облысында баламалы энергия көздерін пайдала отырып электр энергиясын өндіру мәселесі жолға қойылуда.

Қазіргі таӊда, облыс аумағында бұл салада 27 инвестициялық жоба жүзеге асырылу үстінде, оныӊ ішінде 3 жоба 2013-2015 жылдары іске қосылса, 1 жоба желтоқсан айында іске қосылады, ал 6 жоба белсенді түрде жүзеге асырылуда. Күн қуатын пайдаланатын электр станциялары көптеп салынуда. Мәселен, 300 млн.теӊгеге Сайрам ауданында "Аксу энерго" ЖШС, 300 млн.теӊгеге Шымкент қаласында "Аксу энерго" ЖШС, 38 млрд.теӊгеге Созақ ауданында "Renerco" ЖШС, 38 млрд.теӊгеге Созақ ауданында "ЮКСЭС-50" ЖШС, 21 млрд.теӊгеге Отырар ауданында "Промондис" ЖШС кәсіпорындары жоба жүзеге асыруда. Ал "Келесгидрострой" ЖШС 260 млн.теӊгеге, "Аксу энерго" ЖШС 855,7 млн.теӊгеге, "Шардара ГЭС" АҚ 21 млрд.теӊгеге су электр станциясы жобаларын жүзеге асыруда.

Жел электр станцияларын салып жатқан екі компания бар. Бұлар "Жүзімдік" ЖШС 29 млрд.теӊге, "Казахстанские коммунальные системы" ЖШС 170 млн.долл. инвестиция жұмсамақшы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны