13.03.2018, 16:23 5337

Оӊтүстік Қазақстан облысында ShymkentBuild-2018 мамандандырылған көрмесі ашылды

ShymkentBuild-2018 көрмесі аясында "Құрылыс саласына жаӊа технологияларды енгізу" тақырыбында конференция ұйымдастырылады деп күтілуде. Аталған шара барысында көрме қатысушылары құрылыс секторындағы еӊ өзекті мәселелерді өзара талқыға салатын болады

Шымкент. 13 наурыз. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ орталығы Шымкент қаласында "ShymkentBuild-2018" атты құрылыс және интерьер көрмесі басталды. Үш күнге жоспарланған шараныӊ мақсаты - құрылыс секторында озық технологияларды жетілдіріп, отандық және шетелдік кәсіпорындардыӊ жетістіктерін паш ету. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен қаржы институттарыныӊ, ғылым мен бизнестіӊ арасында алтын көпір орнату болып табылады.

Көрмеде Қазақстан, Өзбекстан және Ресей елдерініӊ 30-ға жуық кәсіпорынныӊ құрылыс, әрлеу материалдары мен жабдығы, лак-сыр өнімдері, құрылыс техникасы, ғимараттарды автоматтандыру құрылғылары мен жылыту, сумен қамту жыбдықтары қойылды.

Көрмені аралап танысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысушыларға алғысын білдіріп, шараныӊ маӊыздылығына тоқталды.

Өӊір басшысы жуырда ғана Елбасымыз бес әлеуметтік бастаманы нақтылап бергенін айтып, осыған орай ағымдағы жылы Оӊтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй салу қарқыны күшейе түсетіндігін жеткізді. Бұл ретте бүгінгі ұйымдастырылып отырған ShymkentBuild-2018 көрмесі өӊірдегі құрылыс индустриясыныӊ дамуына маӊызды үлес қосары сөзсіз. Облыс әкімі қазіргі уақытта аймақтыӊ құрылыс индустриясы белсенді түрде дамып келетіндігін айтты.

Айта кетейік, Оӊтүстік Қазақстан облысында алдағы бесжылдықта 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы аясында 4,8 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарлануда. Бүгінгі таӊда өӊірде "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2021 жылға дейін 1 млн. шаршы метр тұрғын үйді ел игілігіне беру үрдісі қалыптасты. Бұдан бөлек, Шымкент қаласын Қазақстанныӊ үшінші мегаполисі ретінде дамыту мақсатында "ShymkentCity" жобасы жүзеге асырылуда.

ShymkentBuild-2018 көрмесі аясында "Құрылыс саласына жаӊа технологияларды енгізу" тақырыбында конференция ұйымдастырылады деп күтілуде. Аталған шара барысында көрме қатысушылары құрылыс секторындағы еӊ өзекті мәселелерді өзара талқыға салатын болады.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны