25.10.2016, 19:09 4512

Оӊтүстік Қазақстан облысындағы "ЕуроКристалл" зауыты жылына 210 миллион банкілер мен бөтелкелер шығарады

Ол зауыт "2020 жол картасы бизнесі" мемлекеттік бағдарлама шеӊберінде салынды. Кәсіпорынныӊ құны - 5 миллиард теӊге. Швейцариялық технологиямен салынған. Өндіріс қуаты жағынан республикада екінші орын алады.

Шымкент. 25 қазан. KazakhstanToday - "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Оӊтүстік Қазақстан облысындағы сапары барысында Швейцариялық технологиямен салынған "ЕуроКристалл" зауытыныӊ өндіріс үдерісімен танысты,деп хабарлайды "Нұр Отан" партиясыныӊ баспасөз қызметі.

"Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары Оӊтүстік Қазақстанныӊ, сол сияқты бүкіл еліміздіӊ барлық бизнесмендері үшін мысал ретінде жоғары сапалы шыны ыдыстар шығаратын "ЕуроКристалл" зауытын атады.

Ол зауыт "Бизнестіӊ жол картасы - 2020" мемлекеттік бағдарлама шеӊберінде салынды. Кәсіпорынныӊ құны - 5 миллиард теӊге. Швейцариялық технологиямен салынған. Өндіріс қуаты жағынан республикада екінші орын алады. Мұнда жылына 210 миллион банкілер мен бөтелкелер шығарылады. Жергілікті өнім суға, химиялық заттарға аса төзімділігімен, айтарлықтай беріктігімен, эталондық реӊімен және мінсіз геометриясымен ерекшеленеді.

Мұхтар Құл-Мұхаммед өндіріс үдерісімен таныса отырып, жұмысшылармен әӊгімелесу кезінде қазақстандық өндірушілердіӊ жергілікті өнім өткізу нарығымен шектеліп қалмауы тиіс екендігін баса айтты. Экспортты дамыту кәсіпорындарға өндіріс көлемін үнемі кеӊейтуге, арттыруға және жаӊа жұмыс орындарын ашуға, сөйте отырып, ел экономикасын нығайтуға және оныӊ шикізат секторына тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік береді.

Мұхтар Құл-Мұхаммед Қазақстанныӊ оӊтүстігінде шағын және орта бизнестіӊ дамыту мәселелеріне айрықша көӊіл бөлді. Бүгінгі таӊда өӊірде 330 мыӊнан астам кәсіпкер бар. Дегенмен, облыс экономикасындағы шағын және орта бизнестіӊ үлесі 20 пайызға да жетпейді. "Нұр Отан" партиясы Төрағасыныӊ Бірінші орынбасары өз сөзінде Елбасыныӊ тәуелсіздіктіӊ алғашқы күндерінен бастап шағын және орта бизнесті дамытуға ерекше көӊіл бөліп, оныӊ жалпы ұлттық экономикамыздағы үлесін 50 пайызға жеткізуге ұдайы өӊір басшыларыныӊ назарын аударып келе жатқанын атап өтті.

"Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ тап осы сегментті дамытуға толық мүмкіндігі бар. Оныӊ үстіне "Нұрлы жол", "Бизнестіӊ жол картасы" оны іске асыруға керемет жағдай туғызып отыр. Бұл мүмкіндікті пайдалана білу керек", -деп атап өтті Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Облыстық әкімдіктіӊ баспасөз қызметініӊ хабарлауынша, жұмыс тобы "Оӊтүстік" индустриялық аймағында орналасқан шыны бұйымдарын шығаратын "ЕуроКристалл" зауытын аралап, жұмысшыларымен тілдесті. "Бизнестіӊ жол картасы-2020" бағдарламасы арқылы ісі өрге басқан бұл кәсіпорында 200 мл-ден 3 литрге дейінгі тағам өнімдеріне арналған шыны ыдыстар шығарылады. 254 адам жұмыспен қамтылған кәсіпорында жылына 210 млн. дана шыны ыдыстар шығаруға болады.

Айта кетейік, "Оӊтүстік" индустриялық аймағында 79 млрд. теӊгені құрайтын, 6384 адамды жұмыспен қамтитын 83 жоба іске асырылуда. Бүгінде мұнда құны 20,8 млрд. болатын 42 жоба пайдалануға беріліп, 3136 адам жұмыспен қамтылып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны