20.10.2016, 17:44 4216

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі кәсіпкерлер кеӊесін құруды тапсырды

Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі облыс әкімініӊ жанынан кәсіпкерлер кеӊесін құруды тапсырды. Сондай-ақ, айына бір рет кәсіпкерліктіӊ түрлі салаларына байланысты бизнесмендермен жиын өткізуді ұсынды.

Шымкент. 20 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев өӊірдегі бизнес өкілдермен кездесу барысында облыс әкімініӊ жанынан кәсіпкерлер кеӊесін құруды тапсырды, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі облыс әкімініӊ жанынан кәсіпкерлер кеӊесін құруды тапсырды. Сондай-ақ, айына бір рет кәсіпкерліктіӊ түрлі салаларына байланысты бизнесмендермен жиын өткізуді ұсынды.

Мемлекет пен кәсіпкерлік құрылымдары күштерін біріктіретін болса, күткен межені бағындыруға болатынын баса айтты.

Отырыс нәтижесі бойынша Жансейіт Түймебаев бірқатар тапсырмалар белгілеп берді. Атап айтсақ:

Бірінші. Кәсіпкерлердіӊ күрделі мәселелерін жинақтап, облыс әкімініӊ жанынан құрылған кәсіпкерлер кеӊесінде шешім шығару;

Екінші. Оӊтүстік Қазақстан облысында шығарылатын тауарлар мен қызмет түрлерін дамыту бойынша жұмыс тобын құрып, өнімдерді республикалық, халықаралық көрмелер мен форумдарда және де өзге де іс-шараларда көрсету;

Үшінші. Астана мен Алматы қалаларында үздіксіз жұмыс істейтін сауда-көрме орталығын құрып, онда Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ өнімдерін өткізіп, саудалау;

Төртінші. Мемлекеттік органдар жұмысыныӊ ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығыныӊ жұмысын электронды форматқа көшіріп, құжат айналымын өзгерту. Облыс әкімдігі барлық рұқсат етілген құжаттардыӊ мерзімін қадағалап отырса, мерзімінен кешіккен аудан әкімдіктері мен қала әкімдіктері немесе мемлекеттік органдар жауапкершілікке тартылатын болады;

Бесінші. Сондай-ақ бизнестіӊ әлеуметтік жауапкершілгін дамытып, әлеуметтік-мәдени салаға қолдау көрсету;

Алтыншы. Мемлекеттік қызметшілердіӊ жауапкершілігіне айрықша назар аударылады. Тапсырмалар орындалмаған жағдайда нақты шаралар қолданылатын болады;

Жетінші. Білікті кадрларды даяулаудыӊ нәтижелі жүйесін құру үшін жергілікті ЖОО мен колледждерді тарту керек. Сонымен бірге, дуальді оқыту жүйесін дамыту үшін индустриялық аймақтарда колледждер өкілдігін құру жайын қарастыру тапсырылды. Сондай-ақ, әкім кәсіпорындардыӊ қажеттілігіне байланысты тікелей грант бөліп, осы мәселені қайта қарауды жүктеді;

Сегізінші. Кәсіпкерлік саласында алға қойылған мақсаттарды орындау үшін өӊірдіӊ стратегиялық жоспарын әзірлеу керек.

Жиналыс барысында көтерілген барлық мәселелер облыс әкімініӊ жіті бақылауына алынды.

Жиынға 160-тан астам шағын және орта бизнес өкілдері, ірі кәсіпкерлер қатысты.

Бейресми кездесудіӊ басты мақсаты - аймақтағы кәсіпкерлермен жақын танысып, осы салада қордаланған өзекті мәселелерді ортақтасып шешу болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны