24.10.2016, 18:13 4451

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Қазығұрт ауданындағы 16 елді мекен табиғи газға қосылды

Жыл соӊына дейін аталған елді мекендер газға қосылғанда, аудандағы көгілдір отынмен қамту жұмыстарыныӊ көрсеткіші 65 пайызға жететін болады.

Шымкент. 24 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Қазығұрт ауданындағы 16 елді мекен табиғи газға қосылды, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы қарсаӊында Қазығұрт ауданында газдандыру жұмыстары қарқын алуда. Соныӊ бір айғағы ретінде таяуда 4,5 мыӊға жуық халқы бар Шарбұлақ ауылдық округі тұрғындарыныӊ шаӊырақтарын көгілдір отынға жалғаудыӊ салтанатты жиыны өтті. Нақтырақ айтқанда, табиғи отын әзірге, аталған елдімекенніӊ бір көшесіне берілді.

Жиналған тұрғындардыӊ қуанышына ортақтасып, құттықтаған аудан әкімі Төлеген Телғараев: "Ел Тәуелсіздігініӊ ширек ғасырлық тойын лайықты табыстармен қарсы алу жолында көптеген игілікті шаралар өткізілуде. Сондай шараныӊ бірі - Шарбұлақ ауылына табиғи газ жүйесініӊ қосылуы дер едім. Ирине, елді мекендерге табиғи газ жүйесініӊ қосылуы үлкен қуаныш. Исіресе, күнделікті ағаш жарып, тезек теріп, күл шығарып жүрген аналарымыздыӊ жұмысын жеӊілдетеді", - деді.

Ал, Шарбұлақ ауыл округініӊ төбе биі Амантай Құтымбет ақсақал тұрғындарға газдыӊ берілуін Тәуелсіздігіміздіӊ 25 жылдығына жасалған тарту ретінде дәріптеп, бұл үшін аудан, облыс басшылықтарына ауыл халқыныӊ атынан ризашылығын жеткізді.

Жалпы бұл күні, көгілдір отын аудандағы 16 елді мекенге берілді. Шарбұлақтан бөлек, Ащыбұлақ, Жаӊабазар, Жылыбұлақ, Жаӊажол, Жаӊаталап, Қарабастау, Тілектес, Үлгілі, Қарабау, Сынтас, Жұмысшы, Үшбұлақ, Махамбет Өтемісұлы ауылы, Үшбұлақ және Жіӊішке елді мекендерініӊ тұрғындары да табиғи газ тұтынып, өркениеттіӊ игілігіне қол жеткізуде.

Айта кету керек, мұнан бөлек, жыл соӊына дейін Қазығұрттағы тағы 16 елді мекен газбен қамтамасыз етіледі деп күтілуде. Таратып айтсақ, аудандағы Жігерген ауыл округінен төрт елді мекен, С.Рақымов ауыл округіндегі үш елді мекен, Алтынтөбе және Тұрбат ауыл әкімдіктеріне қарасты төрт-төрттен - сегіз ауылды көгілдір отынға қосу жоспарланып отыр. Жыл соӊына дейін аталған елді мекендер газға қосылғанда, аудандағы көгілдір отынмен қамту жұмыстарыныӊ көрсеткіші 65 пайызға жететін болады.

Бұған дейін Шарапхана (екі ауыл), Жаӊабазар (сегіз ауыл), Қарабау (төрт елді мекен) және Қазығұрт (бір елді мекен) ауыл округтеріне газ берілген болатын.

Қазығұрт ауданында 2012 жылға дейін 64 елді мекенніӊ 10-ы табиғи газбен қамтылса, 2012-2014 жылдар аралығында аудан бойынша 32 елді мекенді газбен қамтудыӊ құрылыс жұмыстары жүргізіліп, олар толық аяқталған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны