11.08.2018, 19:46 6537

Петропавл қаласында "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында 116 отбасы жаӊа пәтер кілттерін алды

Кезекте тұрған адамдар үшін жалдау құныныӊ 1 шаршы метрі үшін айына 772,7 теӊгені құрайды. Пәтер алғандардыӊ арасында көп балалы отбасылар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар, жетім балалар, ата-анасыныӊ қамқорлығынсыз қалған балалар және халықтыӊ әлеуметтік осал топтарына жататын басқа азаматтар бар.

Петропавл. 11 тамыз. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 10 тамызда Петропавл қаласында "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында "Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй" бағыты бойынша 116 отбасы жаӊа пәтер кілттерін алды.

"Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй" бағыты Қазақстан Республикасыныӊ тұрғындарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты іске асырудыӊ жалғасы ретінде әзірленген және "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасыныӊ бөлігі болып табылады. Бағдарламаныӊ операторларыныӊ бірі - "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ еншілес компаниясы "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ болып табылады.

Кезекте тұрған адамдар үшін жалдау құныныӊ 1 шаршы метрі үшін айына 772,7 теӊгені құрайды. Пәтер алғандардыӊ арасында көп балалы отбасылар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылар, жетім балалар, ата-анасыныӊ қамқорлығынсыз қалған балалар және халықтыӊ әлеуметтік осал топтарына жататын басқа азаматтар бар.

Мухатов Арман, "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ-ныӊ Басқарушы директоры: "Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй" - еӊ осал санатқа жататын азаматтар үшін пәтер мәселесініӊ шешімі болып табылады. Салынған жүйеніӊ ашықтығы шын мәнінде мұқтаж адамдарға тұрғын үй алуға кепілдік береді, бастапқы жарна мен артық төлемдердіӊ болмауы отбасыныӊ қаржылық жүктемесін азайтады. Сонымен қатар, пәтерлер жалға алушыларға таза әрлеуде беріледі, яғни кезекте тұрған адамдар кілттерді алғаннан кейін бірден қоныстана алады"

Петропавловск қаласыныӊ жаӊа қоныстанушыларына Қазбек Байбулов көшесі, 69-үй мекенжайы бойынша тұрғын үйден 36 бір бөлмелі, 58 екі бөлмелі және 22 үш бөлмелі пәтер берілді. Пәтерлердіӊ ауданы 39,5 шаршы метрден бастап 78,5 дейінгі шаршы метрді құрады. Жаӊа тұрғындарға салтанатты түрде кілттерді тапсыру дәстүрлі түрде жаӊа үйдіӊ ауласында өткізілді, осылай Компания өзініӊ жалға алушылары арасында тату көршіліктіӊ саясатын жүзеге асырады.

Солтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Ақсақалов Құмар Іргебайұлы қоныстанушыларға құттықтау сөз сөйледі: "Құрметті жерлестер! Бүгінгі Сіздерді көргеніме қуаныштымын! Және де мен осындай тамаша себеппен жиналғанымыз үшін қуаныштымын. Бұл үй еліміздіӊ Президенті Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев бастамашылық еткен "Нұрлы Жер" бағдарламасыныӊ аясында салынды! Бүгін кезекте тұрған адамдар қоныс тойын тойлайды, олардыӊ ішінде көп балалы аналар, ата-анасыныӊ қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектер бар. Мемлекеттік бағдарламалардыӊ арқасында біздіӊ қаламызда тұрғын үй көптеп салынуда. Былтырғы жылы біз 1000 пәтер, биыл 1209 пәтер тапсырдық. "Нұрлы Жер" сияқты мемлекеттік бағдарламалардыӊ арқасында отандастарымыз өз өмірлерін сапалы түрде жақсарта алады!".

Жылдыӊ соӊына дейін Петропавлда жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған адамдар арасында "Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй" бағыты бойынша тағы 96 пәтер бөлінеді. Петропавлда бағытты жүзеге асырған екі жылда Компания жалпы ауданы 22 121,3 ш.м. 410 пәтерді кезекте тұрған адамдарға берді.

2018 жылы "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ республика бойынша 80 мыӊ шаршы метрден астам жалға берілетін тұрғын үйді пайдалануға беріледі. Ағымдағы жылдыӊ қыркүйек айында Компания Қарағандыда кезекте тұрған адамдарға 65 пәтер және Ақтауда кезекте тұрған адамдарға 478 пәтердіӊ кілтін береді.

Ағымдағы жылы Бағдарлама бойынша Қазақстанныӊ 8 қаласында пәтерлер: Қарағанды, Ақтау, Ақтөбе, Қостанай, Петропавл, Өскемен, Алматы және Астана қалаларында таратылатын болады.

"Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" ИҰ" АҚ

*"Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй" бағдарламасы көп балалы және толық емес отбасыларға, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларға, жетім балаларға, ата-анасыныӊ қамқорлығынсыз қалған балаларға, оралмандарға, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлерге, әскери қызметкерлерге, арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлеріне, бюджеттік ұйымдар қызметкерлеріне арналған.

Сатып алу құқығымен жалға беру мерзімі - 20 жылға дейін. Жалға алу мерзімініӊ соӊында тұрғын үй жалға алушыныӊ меншігіне өтеді. Мерзімінен бұрын өтеуге болады. Жалға алу құны 1 ш. м - Алматы мен Астана қалаларында 1120 теӊгеден аспайды, өӊірлерде - 924 теӊгеден аспайды. Барлық пәтерлер кезекте тұрған адамдарға таза әрлеуде беріледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны