13.03.2017, 23:16 4983

Петропавловск қаласында құны $100 млн құрайтын көліктік-логистикалық орталық салынады

Петропавловск қаласында "Нұрлы жол" бағдарламасы шеӊберінде көліктік-логистикалық орталық салу жоспарлануда, деп хабарлады бүгін Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы бастығыныӊ орынбасары Мереке Дәулетбаев

Петропавловск. 13 наурыз. Kazakhstan Today - Петропавловск қаласында "Нұрлы жол" бағдарламасы шеӊберінде көліктік-логистикалық орталық салу жоспарлануда, деп хабарлады бүгін Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облыстық жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасы бастығыныӊ орынбасары Мереке Дәулетбаев, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Дәулетбаевтыӊ айтуынша, жобаныӊ құны $100 млн құрайды. Құрылысты 90 пайыздық қатысу үлесімен Қытайдыӊ Beijing Construction and Engineering Company, сондай-ақ, 10 пайыздық қатысу үлесімен қазақстандық "GrandStroyAstana" ЖШС компаниясы жүргізеді.

Петропавловск қаласында көліктік-логистикалық орталық салу үшін аумағы 123 гектарлық жер телімі бөлінді, деді басқарма бастығыныӊ орынбасары.

Дәулетбаевтыӊ хабарлауынша, жобаға сәйкес орталық аумағында "А" сыныпты қоймалар, өнім өӊдеу және құтылау цехтары мен басқа да нысандар салу көзделген. Бұған қоса мұнда жаӊа теміржол тармақтары да пайда болады.

Еске сала кетейік, Петропавловск қаласында көліктік-логистикалық орталық салу туралы ақпаратты бұдан бұрын СҚО әкімдігініӊ өкілдері жария еткен болатын. Атап айтсақ, өӊір әкімі Ерік Сұлтанов хабарлағандай, СҚО Шығыс пен Батысты байланыстыратын, Еуропаға, орталықазиялық елдер мен Қытайға шығатын маӊызды жол тораптарыныӊ т.йілісінде тиімді жерде орын тепкен және Ресей Федерациясыныӊ Омск, Тюмень және Курган облыстарымен шекараласады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны