19.01.2019, 21:35 5196

Ресей Федерациясынан және Өзбекстан Республикасынан карантиндік фитосанитариялық қаупі жоғары карантинге жатқызылған өнімдерді заӊсыз жағдайда әкелуге қатысты 50 әрекет анықталды

Өсімдіктер карантині саласындағы заӊнамалардыӊ талаптарына сәйкес аталған өнімдерді Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тыйым салынған. Жүктер Ресей Федерациясына және Өзбекстанға кері қайтарылып, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2019 жылғы 1-11 қаӊтар аралығында Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан облыстық аумақтық инспекцияларыныӊ өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Ресей Федерациясынан және Өзбекстан Республикасынан карантиндік фитосанитариялық қаупі жоғары карантинге жатқызылған өнімдерді 50 заӊсыз жағдайда әкелінген әрекетті анықтады.

Сондай-ақ, карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу кезінде Ресей Федерациясынан 2500 дана көкөніс дақылдарыныӊ тұқымдары (қорапта), 20 тонна лимон мен мандарин және Өзбекстаннан 82 тонна құрма, 20 тонна пістеніӊ фитосанитариялық сертификатсыз тасымалданғаны белгілі болды.

Өсімдіктер карантині саласындағы заӊнамалардыӊ талаптарына сәйкес аталған өнімдер Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тыйым салынған. Жүктер Ресей Федерациясына және Өзбекстанға кері қайтарылып, кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны