28.04.2017, 21:21 6650

"Самұрық-Қазына" қоры мен "KAZAKH INVEST" инвесторларды бірлесіп тарту туралы меморандумға қол қойды

"Самұрық-Қазына" АҚ мен "Kazakh Invest" Ұлттық компаниясы" АҚ бүгін Алматы қаласында өтіп жатқан Қордыӊ жекешелендіру бағдарламасына арналған Инвестор күні барысында Қазақстан Республикасына инвестиция тарту жөніндегі Жол картасын жүзеге асыру туралы екі жақты келісімге қол қойды.

Алматы. 28 сәуір. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" АҚ мен "Kazakh Invest" Ұлттық компаниясы" АҚ бүгін Алматы қаласында өтіп жатқан Қордыӊ жекешелендіру бағдарламасына арналған Инвестор күні барысында Қазақстан Республикасына инвестиция тарту жөніндегі Жол картасын жүзеге асыру туралы екі жақты келісімге қол қойды.

"Самұрық-Қазына" АҚ және "Kazakh Invest" жекешелендіру бағдарламасы мен Қордыӊ қоржындық компанияларыныӊ инфрақұрылымдық жобаларын сату аясында инвесторлармен, соныӊ ішінде жетекші трансұлттық компаниялармен белсене жұмыс істейді.

- Ұйымдарымыздыӊ мамандары әзірлеген Жол картасы елімізге инвесторларды тартуға бағытталған. Бұл мемлекет басшылығы берген тиісті тапсырмаларды орындау үшін қолға алынған іс-шаралардыӊ бірі. Жол картасы инвесторларды іздестіру және тарту, сондай-ақ "Самұрық-Қазына" АҚ қоржындық компанияларыныӊ активтерін неғұрлым тартымды ету жолында бірлескен жүйелі әрі белсенді жұмыс жүргізуді қарастырады, - деп атап өтті Қордыӊ активтерді оӊтайландыру жөніндегі басқарушы директоры Берік Бейсенғалиев құжатқа қол қою рәсімінде.

- Өз тарапымыздан "Самұрық-Қазына" қорына және оныӊ қоржындық компанияларына инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру, жекешелендіру бағдарламасын насихаттау мақсатында шетелдік өкілдеріміз арқылы стратегиялық серіктестерді іздестіруге, трансұлттық корпорациялармен келіссөз жүргізуге қолдау көрсетуге дайынбыз, - деді "Kazakh Invest" Ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Мақсат Қабашев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны