11.08.2018, 18:45 4447

Шағын және орта бизнесті қолдау бойынша түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлерді 14,4 млрд. теӊгеге қаржыландырды

Шағын және орта бизнесті қолдау бойынша түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлерді 14,4 млрд. теӊгеге қаржыландырды

Алматы. 11 тамыз. Kazakhstan Today - "Сбербанк" АҚ ЕБ шағын және орта бизнесті қолдау бойынша түрлі мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлерді 14,4 млрд. теӊгеге қаржыландырды, осылайша өткен жылғы осы көрсеткіш 1,7 есеге артты.

Жыл басынан бері Банк үш жүзге жуық кәсіпкерге несие ұсынды. Еӊ белсенді қаржыландырылған - өӊдеуші өнеркәсіп, сауда, құрылыс, жылжымайтын мүлікпен операциялар, транспорт және байланыс салалары.

Сбербанк түрлі даму институттары ("Даму" КДҚ, "Қазақстанныӊ Даму Банкі" (ҚДБ) АҚ және т.б.) ат салысатын мемлекеттік бағдарламалардыӊ көпшілігініӊ белсенді қатысушысы болып табылады.

Бірінші жартыжылдықта Сбербанк кәсіпкерлікке қолдау көрсететін мемлекеттік бағдарламалардыӊ көптеген бағыттары бойынша көш бастады: "Бизнестіӊ жол картасы 2020", Өӊдеуші өнеркәсіптегі субъектілерді қаржыландыру бағдарламасы, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы және т.б.

Атап айтқанда, Ірі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бағдарламасы бойынша ҚДБ "Карат" ЖШС-ін (диірменге арналған жабдық және "Даулет" майдалап кесілген макарон өнімдерін шығаруға арналған, өнімділігі 1000 кг/сағ болатын автоматтандырылған желі сатып алуға) және "Шымкентмай" АҚ-ын ("Доня" өсімдік майын рафинациялау цехініӊ құрылысына және жабдық сатып алуға) қаржыландырды.

"Сбербанк мемлекеттік қолдау бағдарламаларыныӊ зор мүмкіндіктерін пайдаланып, жеке кәсіпкерліктіӊ орнын нығайтуға мүдделі, - дейді "Сбербанк" АҚ ЕБ Басқарма Төрағасы Александр Камалов, - Иртүрлі салаларды қаржыландыру арқылы біз ШОБ дамытуға салған инвестициялардыӊ нәтижелерін көрнекі түрде бағалай аламыз, олар дайын өнім шығару, қызметтер аясын кеӊейту бойынша нақты жобаларға айналуда. Нәтижесінде аталған шаралар аймақтар экономикасын нығайтуға, қосымша жұмыс орындарын ашуға, еӊбек өнімділігін көтеруге оӊ әсерін тигізіп, халықтыӊ әл-ауқатын арттыруда".

Анықтама:

"Сбербанк" АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді.Банк Қазақстанныӊ қаржы нарығында 11 жыл табысты жұмыс істеп келеді және активтерініӊ көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 4-орынды алады. Бүгінгі таӊда "Сбербанк" АҚ ЕБ-ніӊ 91 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оныӊ 16-сы - филиал. Банктіӊ Орталық офисі Алматы қаласында орналасқан.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны