14.12.2018, 19:03 4426

Шымкентте алғаш рет өткен инвестициялық форумда сомасы 200 млн. АҚШ долларын құрайтын 11 меморандумға қол қойылды

Шетелдік компаниялар қалада микрофибра өндіретін тоқыма фабрикасыныӊ құрылысын салу және қалалық жедел жәрдем қызметініӊ автопаркін жаӊғырту, Шымкент-сити аумағында тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттыӊ және жаӊа саябақтыӊ құрылысын салу сынды бірқатар ірі жобаларға инвестиция салуға ниетті.

Шымкент. 14 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ үшінші мегаполисі Шымкентте алғашқы "Shymkent Development 2018" халықаралық инвестициялық форум өтті.

Форум алаӊына саясаткерлер, әлемдік және отандық бизнес көшбасшылары, ірі корпорациялар мен қаржы институттарыныӊ басшылары жиналды.

Форумға әлемніӊ 20 мемлекетінен 100-ден астам ал, қазақстандық 300 делегат қатысып отыр. Оныӊ ішінде 25 адам спикер ретінде тіркелді.

Шымкент әкімі Ғабидолла Ибдірахымов қаланыӊ экономикалық мүмкіндіктері мен болашақта қолға алынатын жобалар туралы баяндады.

Іскерлер бас қосқан жиында "Copenhagenize Design Co" компаниясыныӊ бас директоры, Копенгаген қаласыныӊ экс-мэрі Мортен Кэйблл, белгілі ресейлік урбанист, "Адамдарға арналған қала" жобасыныӊ авторы Аркадий Гершман, Дүниежүзілік банктіӊ Қазақстандағы тұрақты өкілі Ато Браун, Шығыс Европа бойынша өӊірлік директоры Николас Нитос және басқалар сөз сөйледі.

Шымкентте алғаш рет өткен инвестициялық форумныӊ пленарлық мәжілісінен кейін сомасы 200 млн. АҚШ долларын құрайтын 11 меморандумға қол қойылды.

Шетелдік компаниялар қалада микрофибра өндіретін тоқыма фабрикасыныӊ құрылысын салу және қалалық жедел жәрдем қызметініӊ автопаркін жаӊғырту, Шымкент-сити аумағында тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттыӊ және жаӊа саябақтыӊ құрылысын салу сынды бірқатар ірі жобаларға инвестиция салуға ниетті.

Еӊ бірінші құны 13 млн. АҚШ долларын құрайтын қалалық жедел жәрдем қызметініӊ автопаркін жаӊғырту жобасы бойынша қала әкімі Ғ.Ибдірахымов пен "Hyundai Trans Auto" ЖШС-ніӊ директоры В.Вяткин және "MAYDAY KAZAKHSTAN" ЖШС-ніӊ төрағасы А.Хидаят арасында үш жақты әріптестік меморандумы түзілді.

Бұдан бөлек, әкім "Colosseo" компаниясыныӊ президенті Ян Енча мырзамен құны 40 млн. АҚШ доллары болатын Қажымұқан атындағы орталық стадионды қайта жаӊарту жұмыстары бойынша келісімге қол қойды.

Айта кетейік, осы жылы қалаға 524 млрд. теӊге көлеміндегі инвестиция тартылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артық.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны