07.12.2016, 16:54 4482

Шымкентте ескі автокөліктерді қабылдау бекеті ашылды

Бұл істі аудан орталықтарында да жандандыру үшін мобильді жылжымалы бекет желтоқсанныӊ сегізі күні Түркістан, 12-сіне Сарыағаш қаласына бармақшы

Шымкент. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Шымкентте ескі автокөліктерді қабылдау бекеті ашылды, деп хабарлайды қала әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Арнайы бағдарлама бойынша жұмыс істейтін орын қазір тек салмағы 3,5 тоннадан аспайтын көліктерді қабылдап жатыр.

Арнайы есептен шығарылған көлікті бекет мамандары 150 мыӊ теӊгеге бағалап отыр. Бағдарлама бойынша өткізілетін автокөліктердіӊ жылы мен маркасына шектеу қойылмайды. Тек бар бөлшегі өзінде болуы шарт. Егер көліктіӊ сыртқы шанағы мен қозғалтқышы орнында болса - 150, ал, олай болмаса, 48 мыӊ теӊге беріледі.

Бұл тұста сізге автокөлікті жою туралы хаттаманыӊ түпнұсқасы мен арнайы жазылған өтініш, жеке бас куәлігініӊ көшірмесімен бірге, банкттік есепшоттыӊ номірі керек. Бірақ, ескі көлікті алда-жалда өткіз деп ешкім қинамайды. Өз еркіӊіз. Статистикаға сүйенсек, ескі көліктердіӊ көптігі жағынан біздіӊ өӊір елеміз бойынша үшінші орында. Біздіӊ жолда шығарылғанына ширек ғасырдан асқан 40 мыӊдай көлік жүр.

Аталмыш жоба сол көліктерді айналымнан шыру үшін қолға алынып отыр. Бұл істі аудан орталықтарында да жандандыру үшін мобильді жылжымалы бекет желтоқсанныӊ сегізі күні Түркістан, 12-сіне Сарыағаш қаласына бармақшы. Ал, бағдарлама бойынша ірі жүк көліктерін қабылдау келесі жылдан бастап жүзеге асырылуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны