19.09.2017, 15:30 4600

Шымкентте Қазақстан Республикасы кредиттік серіктестерініӊ І форумы өтеді

Қарағанды облысы, "Сарыбел" кредиттік серіктестік өкілі Вячеслав Смирнов: "форум - бұл жүйеніӊ көршілерімізде қалай жүзеге асып жатқанын білуге мүмкіндік береді. Тек жақсы жағынан ғана емес, сондай-ақ проблемалармен де бөлісеміз.

Астана. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - 22 қыркүйек күні Шымкентте "Қазақстан Республикасы кредиттік серіктестерініӊ І форумы - 2017" өтеді. Шара ұйымдастырушылары "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ мен "агроөнеркәсіп кешеніндегі (ары қарай - АӨК) кредиттік серіктестіктер қауымдастығы" заӊды тұлғалар бірлестігі. Қазіргі таӊда кредиттік серіктестіктер, "Атамекен" ҰКП және Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығынан барлығы 184 адам тіркеліп, форумға қатысуға ниет танытып отыр. Олардыӊ қатарында Қырғызстанныӊ, Литва және Ресейдіӊ кредиттік кооперация көшбасшылары да бар. Форум "Кредиттік кооперация. Ерекшелігін біл!" деген ұранмен өтеді.

"Агроөнеркәсіп кешеніндегі кредиттік серіктестіктер қауымдастығы" заӊды тұлғалар бірлестігініӊ төрайымы Альмира Сағатованыӊ айтуынша, форум барысында кредиттік серіктестіктердіӊ өзге қаржы институттарынан айырмашылығы мен кредиттік серіктестіктердіӊ даму стратегиясына ерекше ден қойылмақ.

Кредиттік серіктестік өкілдері форумға үлкен үміт артып отыр. Өйткені шара барысында көрші елдерден келген әріптестермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік туады. Қарағанды облысы, "Сарыбел" кредиттік серіктестік өкілі Вячеслав Смирнов: "форум - бұл жүйеніӊ көршілерімізде қалай жүзеге асып жатқанын білуге мүмкіндік береді. Тек жақсы жағынан ғана емес, сондай-ақ проблемалармен де бөлісеміз. Олардыӊ заӊнамалары қандай, қарыз алушылармен арадағы қиындықтармен қалай күреседі, жалпы жұмыс бағыттары қандай? Біз де өз кезегімізде кредиттік серіктестігіміздіӊ қалай қызмет көрсететінін айтып беруге әзірміз. Мысалы қазір Аграрлық несие корпорациясы құжаттар пакетін қысқартып отыр. Демек, бұл қағазбастылық азаяды деген сөз", - дейді.

Асхат Оспанов (ШҚО, "Көкпекті несие" КС) форум барысында кредиттік серіктестіктерді жыл бойына қаржыландыру мәселесі талқыға салынады деген үмітте.

Ресейдіӊ кредиттік одақтар лигасыныӊ бас директоры Татьяна Ивашкинаныӊ пікірінше, осы іспеттес халықаралық форумдар тығыз байланыстарды орнатып, тәжірибе жинақтауда күш біріктіретін теӊдессіз мүмкіндік. "Форум барысында тек жағымды жаӊалықтармен бөлісіп қана қоймай, қазақстандық әріптестерімді бізде болған қателіктер турасында ескерткім келеді. Қазір Ресейдегі кредиттік кооперативтер қиын заманды өткеріп жатыр. Кредиттік кооперативтер қысқа мерзім ішінде есеп шоттардыӊ бірыӊғай жоспарына және бухгалтерлік есептіӊ салалық стандарттарына ауысуы тиіс. Ал бұл - үлкен қаржы шығынын және мамандарды қайта оқытуды талап ететін өте күрделі мәселе. Бұдан өзге, заӊнамалар мен нормативтік негіздердіӊ жетілмегендігін де атап өту қажет", - дейді Татьяна Ивашкина. Ресейде мұндай форумдар жыл сайын өтеді. Одан бөлек АӨК саласындағы кредиттік кооперациялардыӊ аймақтық форумдары да ұйымдастырылады. 2011 жылдан бері "кредиттік кооперация мәселелері" атты арнайы жорнал тұрақты түрде жарыққа шығып отырады. Онда кредиттік одақтар лигасыныӊ соӊғы жаӊалықтарымен танысуға болады.

Сондай-ақ форумға Литваныӊ кредиттік одақтар қауымдастығыныӊ өкілдері де қатысады. Оларды осы ұймныӊ төрағасы Рамунас Стонкус бастап келмек. Литвалық әріптестердіӊ тәжірибесі аса құнды болмақ. Өйткені бұл елде литвалық капиталы бар банк мүлде жоқ. Кредиттік одақтар - литва ұлттық капиталыныӊ кредиттік мекемелері және аймақтарды дамытатын негізгі қозғалтқыш күші болып саналады.

Форум ауыл шаруашылығы саласында еӊбектенетін адамдарға ғана емес, басқа саланыӊ адамдары үшін де қызық болары сөзсіз. Кредиттік серіктестіктер өкілдерінен бөлек, форум қаржы ұйымдарына сервис және қызмет көрсететін компаниялардыӊ да қызығушылығын тудыратынына сенім мол.

Анықтама үшін:

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ бәсекеге қабілетті ауыл кәсіпкерлігін дамытуды ынталандыратын қолжетімді несиелендіру жүйесін қалыптастыру бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асырып келеді. Корпорация "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі компаниялар тобыныӊ құрамына кіріп, соныӊ тікелей жетекшілік етуімен Қазақстанныӊ барлық облыстарында орналасқан 13 филиал мен өкілдіктерінде өз қызметін жүзеге асыруда ауқымды жұмыстарды атқарып отыр.

"Агроөнеркәсіп кешеніндегі кредиттік серіктестіктер қауымдастығы" ЗТБ - 2013 жылы құрылды. Мақсаты - қызмет көрсетудіӊ барлық саласында, соныӊ ішінде қаражатпен қамтамасыз ету, мемлекеттік, заӊды және өзге де салаларда кредиттік серіктестіктердіӊ мүдделерін қорғау болып табылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны