16.11.2018, 19:33 4116

Шымкентте коммуналдық қызметтердіӊ тарифтері жыл соӊына дейін қайта қаралады

Монополияға қарсы ведомство директоры қазір Комитет монополистердіӊ барлық тарифтерді қайта қараумен айналысып жатқанын хабарлады.

Шымкент. 16 қараша. Kazakhstan Today - Шымкентте коммуналдық қызметтердіӊ тарифтері жыл соӊына дейін қайта қаралады. Бұл туралы қала әкімдігінде өткен жиналыста белгілі болды. Шымкент қаласыныӊ басшысы монополистерді Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасына сәйкес тарифтерді төмендетуді қайта қарауға шақырды.

Монополияға қарсы ведомство директоры қазір Комитет монополистердіӊ барлық тарифтерді қайта қараумен айналысып жатқанын хабарлады. Және алғашқы оӊ нәтижелер де бар. Мәселен, монополистіӊ өтініміне қарамастан, жылу тарифі өзгеріссіз қалды.

Энергетиктердіӊ айтуынша, соӊғы тарифке сатып алу құны әсер етеді. Егер ол қайта қаралатын болса, онда түпкілікті тұтынушы үшін электр энергиясыныӊ тарифін де қарау керек.

Мұндай пікірді газбен қамтамасыз етуші ұйымныӊ басшысы да ұстануда. Бүгінгі күні электр энергиясына тарифтіӊ 50% - ын сатып алу бағасы құрайды. Газға келетін болсақ, тариф бойынша 1 текше метр үшін 34,4 теӊге, сатып алу құны 24, 245 теӊгені құрайды.

Су шаруашылығыныӊ басшысы Анарбек Орман, Шымкентте судыӊ тарифi жоғары екенімен келіседі.

Өз кезегінде ол Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасы бойынша, қолда бар резервтерді ескере отырып, тарифті қайта қарауға дайын екендігін хабарлады. Сонымен қатар, тұрғындар арасында суды тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу қажет, деп сөзін түйді.

Шымкент қаласыныӊ әкімі монополистерге Мемлекет басшысыныӊ қазақстандықтардыӊ әл-ауқатын арттыру жөніндегі идеяларын қолдауға әзір екендігі үшін алғыс айтып, оларды көптеген шымкенттік кәсіпкерлер жасаған және жоспарлап отырған қызметкерлердіӊ жалақысын арттыруға шақырды.

Көлік тарифіне келер болсақ, ол қала басшысыныӊ пікірінше, жолаушылар тасымалыныӊ нақты шығынынан әлдеқайда төмен. Дегенмен, Шымкентте жол жүру тарифін көтермейді. Ал көлік иелері қалыпты жұмыс істеуі үшін әкімдік екі құралдыӊ бірін пайдалануды жоспарлап отыр. Біріншісі-дотация, екіншісі - Шымкент тұрғындарыныӊ әлеуметтік картасы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны