22.09.2017, 18:35 5735

Шымкентте тұӊғыш рет несиелік серіктестіктердіӊ халықаралық форумы өтті

Айта кетейік, еліміздегі кредиттік серіктестіктердіӊ даму тарихы сонау 2001 жылдан бастау алады. Кредиттік серіктестік институты құрылғалы бері, 16 жыл ішінде олардыӊ саны 187-ге жетті. Алғаш құрылған кезде қатысушылардыӊ саны 800-ден аспаған болса, қазіргі таӊда кредиттік серіктестік қатысушыларыныӊ саны 15 600-ді құрап отыр. Осы уақытқа дейін несие серіктестіктері арқылы шаруаларға 241 миллиард теӊгеніӊ 40 мыӊнан астам займы берілген.

Шымкент. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Шымкентте "Кредиттік кооперация. Ерекшелігін біл!" атты тақырыпта еліміздегі кредиттік серіктестіктердіӊ халықаралық І- форумы өтті. Шараны еліміздіӊ Ауыл шаруашылығы министрлігі, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ мен Агроөнеркәсіп кешеніндегі кредиттік серіктестіктер қауымдастығы заӊды тұлғалар бірлестігі ұйымдастырды. Форум жұмысын ашып берген Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев бүгінгі шараныӊ маӊыздылығына тоқталды.

"Мемлекет басшысы халыққа арнаған жолдауында өзара кредиттеу түріндегі қаржы мен несие қызметтерін ұсыну бойынша тармақталған қаржы желісініӊ аса қажет екенін атап өткен еді. Сондай-ақ Елбасы еліміздіӊ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ары қарай - ЭЫДҰ) мүше елдердіӊ стандарттарына көшу қажеттігін жүктегін болатын. Өйткені, ауыл шаруашылығы өнім өндірушілерініӊ қаржыландыруға қолжетімділігі - аграрлық сектордыӊ бәсекеге қабілеттілігін бағалауда басты өлшем болып табылады. Сондықтан бүгінгі шараға қатысушаларға алғысымымды білдіріп, алдағы уақытта тығыз қарым -қатынаста жұмыс істеуге шақырамын", - деді Жансейіт Қансейітұлы.

200-ге жуық адамныӊ басын қосқан халықаралық форумға кредиттік серіктестіктер, "ҚазАгро" Холдингі, "Атамекен" ҰКП мен Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығыныӊ өкілдері қатысты. Бұдан өзге, Ресей мен Литвадан арнайы келген кредиттік кооперация жетекшілері де бар.

Айта кетейік, еліміздегі кредиттік серіктестіктердіӊ даму тарихы сонау 2001 жылдан бастау алады. Кредиттік серіктестік институты құрылғалы бері, 16 жыл ішінде олардыӊ саны 187-ге жетті. Алғаш құрылған кезде қатысушылардыӊ саны 800-ден аспаған болса, қазіргі таӊда кредиттік серіктестік қатысушыларыныӊ саны 15 600-ді құрап отыр. Осы уақытқа дейін несие серіктестіктері арқылы шаруаларға 241 миллиард теӊгеніӊ 40 мыӊнан астам займы берілген.

Форум аясында "Кредиттік серіктестіктердіӊ даму стратегиясы: қаржы институты ретінде кредиттік кооперацияныӊ болашағы", сондай-ақ кредиттік серіктестіктер үшін сервистер мен қызметтер жайы талқыланды. Несиелік серіктестік өкілдері әсіресе Ресей және Литвадағы кредиттік кооперация институттарыныӊ даму тәжірибесіне қызығушылық танытты.

Форум аясында "АӨК кредиттік серіктестіктер қауымдастығы" заӊды тұлғалар бірлестігі мен Литваныӊ кредиттік одақтар қауымдастығы арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды. Яғни, көрші елдердіӊ кооперативтік бауырластығы сөз жүзінде емес, іс жүзінде іске асып отыр. Форум соӊында үздік кредиттік серіктестік өкілдері арнайы дипломдармен марапатталды,- деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны