07.12.2016, 13:49 5424

Шымкенттегі "Химфарм" АҚ "Үздік инновациялық жоба" сыйлығына ие болды

"Химфарм" АҚ сауда маркасымен өнім өндіретін SANTO компаниясы аса ірі отандық дәрілік заттар өндіруші болып табылады.

Астана. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Шымкенттегі "Химфарм" АҚ "Үздік инновациялық жоба" сыйлығына ие болды.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Индустрияландыру картасы жобаларын таныстыру және "Алтын сапа", "Парыз" байқаулары жеӊімпаздарын марапаттау рәсімінде "Алтын сапа" байқауыныӊ арнаулы сыйлықтарынан "Үздік инновациялық жоба" сыйлығын "Химфарм" АҚ директоры Р.Байғаринге табыс етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Химфарм" АҚ сауда маркасымен өнім өндіретін SANTO компаниясы аса ірі отандық дәрілік заттар өндіруші болып табылады.

"Самұрық-Қазына Фармация" ЖШС тегін медициналық көмектіӊ кепілдендірілген көлемі шеӊберінде сатып алатын дәрі-дәрмектік заттардыӊ жалпы көлемініӊ үштен бір бөлігінен астамын SANTO компаниясы өндіріп жеткізеді. GMP стандартына сай келетін заманауи фармацевтикалық өндіріс құру SANTO компаниясыныӊ 2011 жылы халықаралық Polpharma тобына кіруі арқасында мүмкін болды. GMP халықаралық стандартына сай келетін әрекет етуші фармацевтикалық өндірістерді жаӊғырту мен жаӊаларын салу бойынша кеӊ ауқымды инвестициялық жобалар сол кезден басталды. Жоспарланған инвестициялар көлемі 100 млн доллардан асады.

Фармацевтикалық өнеркәсіпті жақсарту және оны Мемлекет басшысы атап көрсеткен бағытта халықаралық стандарттарға сәйкестендіру үшін SANTO компаниясы 2013 жылы "SANTO Академиялық бағдарламасы" атты білім беру жобасын қолға алды. Оныӊ шеӊберінде Астана Медициналық Университетімен, Назарбаев Университетініӊ Тіршілік туралы ғылымдар орталығымен, Оӊтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясымен және Шымкент қаласындағы Назарбаев атынндағы Интеллектуалдық химиялық-биологиялық мектебімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Меморандумдар шеӊберінде студенттер, оқушылар мен ғалымдар компанияныӊ Қазақстан мен Польшадағы өндіріс алаӊдары мен зерттеу зертханаларына баруда, барынша келешегі зор ғылыми жұмыстарды қолдауға гранттар алуда.

SANTO Member of Polpharma Group - "Химфарм" АҚ сауда маркасы (KASE: CHFM). Компания жоғары сапалы, қолжетімді дәрі-дәрмектік заттардыӊ әзірлемесін дайындап, өндіріп, Қазақстан мен Орталық Азия нарығына шығарады. Компанияныӊ өндірістік қуаттылығы жыл сайын 1,2 млрд. таблетка, капсулалар мен гранулалар, 300 млн. ампула, 40 млн. флакон антибиотиктер мен 6 млн. пакет және флакон инфузиялар өндіруге мүмкіндік береді. Компания Қазақстандағы фармацевтикалық нарықтыӊ көшбасшысы болып табылады, оныӊ қоржынында түрлі терапиялық салалардағы ауру түрлерін емдеуге арналған 12 фармакотерапевтикалық топтағы 260-тан астам генерикалық және бірегей препараттар бар. SANTO компаниясы Шымкент қаласы мен Қазақстан Республикасыныӊ барлық өӊірлерінде 1000-нан астам адамға жауапты жұмыс беруші болып табылады. Компания Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Монғолия, Түркіменстан секілді бес елге өнім экспорттауды жүзеге асырады.

Еске сала кетейік, іс-шара аясында Қазақстан Президенті "Алтын сапа" байқауыныӊ арнаулы сыйлықтарын тапсырды. Атап айтқанда, "Үздік индустриялық жоба" сыйлығы - "Атыраумұнаймаш" ЖШС директорлар кеӊесініӊ төрағасы С.Түгелбаевқа, "Үздік инновациялық жоба" сыйлығы - "Химфарм" АҚ директоры Р.Байғаринге, "Сапа көшбасшысы" сыйлығы - ERG менеджерлер кеӊесініӊ төрағасы А.Машкевичке берілді, "Қазақстан электролиз зауыты" АҚ да осы номинация бойынша жеӊімпаз атанды. "Парыз" байқауыныӊ гран-при жүлдесі "Ақсайгазсервис" АҚ президенті Т.Шектебаевқа табыс етілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны