30.05.2018, 19:19 4255

ШҚО 5 шағын қаласында жаӊа бизнес бастамаларды жүзеге асыруға 64,5 млн. теӊге бөлінеді

Шығыс Қазақстан облысыныӊ басшысы Даниал Ахметов әкімдік отырысында мемлекеттік гранттарды бірінші кезекте 5 шағын қалаға беруді тапсырды.

Өскемен. 30 мамыр. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысыныӊ басшысы Даниал Ахметов әкімдік отырысында мемлекеттік гранттарды бірінші кезекте 5 шағын қалаға беруді тапсырды. Айта кету керек, өӊірге бизнес бастамаларды жүзеге асыруға 64,5 миллион теӊге қарастырылған. Жалпы облыс бойынша ауылдар мен кіші қалалардағы 1078 адамды шағын несиемен қамту жоспарланып отыр.

2018 жылы 2,1 миллиард теӊгеге шағын несие алуға 611 өтініш келіп түскен. Жалпы қаражаттыӊ бұл санатын игеруде Тарбағатай ауданы 705 миллион теӊгемен көш бастап отыр. Алайда, жоғары көрсеткіш Өскемен, Семей қалалары мен бірнеше аудан еншісінде жоқ.

- Шағын несие алуға 2,1 миллиард теӊгеге өтініш түсті. Бұл ретте жоғары көрсеткіш Тарбағатай ауданында. 705 миллион теӊге игерілген. Алайда Өскемен мен Семей қалалары, сондай-ақ, Шемонаиха, Күршім және Жарма аудандары соӊғы орында қалды. Икімдер неге қол қусырып отыр? Арнайы комиссия құрып, бұл мәселеніӊ мән-жайын анықтауды және нақты кешенді жұмыс жасауды тапсырамын, - деді Даниал Ахметов.

Аймақ басшысы мемлекеттік гранттарды бизнес бастамаларды жүзеге асыратын "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік дамыту" бағдарламасыныӊ қатысушыларына беруді тапсырды. Ал бөлінер қаражат көлемі 100 АЕК дейін болмақ. Олар қажетті құрал-саймандарды, технологиялық жабдықтар алуға жұмсалуы тиіс.

- Мемлекеттік гранттарды беру туралы арнайы жоспар құрып, нақты жүзеге асу барысын жазу қажет. Бұл ретте басты назарды ШҚО-ныӊ бес шағын қаласына, атап айтқанда, Аягөзге, Риддер, Зырян, Курчатов және Серебрянскіге басымдық беру керектігін атап өтемін, - деді облыс әкімі.

ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны