20.09.2017, 17:06 4411

СҚО әкiмдiгiнiӊ отырысында әлеуметтiк-экономикалық даму қорытындысы талқыланды

Қаӊтар-тамыз айларыныӊ қорытындысы бойынша облыс 16 өӊiр арасында өнеркәсiп өнiмiнiӊ өсiмiнен 5-шi орынды иелендi.

Петропавловск. 20 қыркүйек. Kazakhstan Today - Петропавлда өӊiр басшысы Құмар Ақсақаловтыӊ төрағалығымен Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiӊ отырысы өттi.

Отырыс кадрлық тағайындаудан басталды. Облыс әкiмi "Қазпошта" АҚ СҚОФ-ныӊ жаӊа директоры Бекбердиев Бекжiгiт Iлесұлын, Еӊбек, әлеуметтiк қорғау және көшi-қон департаментiнiӊ жаӊа басшысы Мұхамедияров Мереке Тiлеужанұлы мен "Азық-түлiк келiсiмшарт корпорациясы" ҰК" АҚ облыстық өкiлдiгiнiӊ жаӊа директоры Асип Рамазан Назарбекұлын таныстырды

Ирi қарай отырыс барысында мемлекеттiк органдарда атқарушылық тәртiптi сақтау, 2017 жылдыӊ 8 айыныӊ әлеуметтiк-экономикалық дамуыныӊ қорытындысы, облыстыӊ кiрiс-шығысы туралы мәселелер қаралып, СҚО әкiмдiгiнiӊ мүшелерiнiӊ қарауына енгiзiлген қаулылардыӊ жобасы ұсынылды.

Облыс әкiмi аппаратыныӊ жетекшiсi Мадияр Қожахмет мемлекеттiк органдарда атқарушылық тәртiптi сақтау жайында баяндады. Ол көптеген басқармалар облыс әкiмiнiӊ тапсырмасын өз дәрежесiнде орындамайтындығын атап айтты. Сол сияқты Мадияр Қожахмет облыстыӊ экспорттық әлеуетiн арттыру үшiн Ресей Федерациясы аумағында қазақстандық павильондар ашуға байланысты мәселердi шешу тапсырмасына назар аударды.

Өз кезегiнде "Интегро" ЖШС-нiӊ директоры Руслан Шарипов осы мәселе бойынша өз ойын ортаға салды. Ол Омбыда қазан айында бiрiншi қазақстандық павильон ашуға әзiрлiк жүргiзiлiп жатқанын айтты

"Жеткiзушiлермен жұмыс жүргiздiк, қазiр тауар ассортиментi анықталып жатыр, жеткiзiп беру туралы келiсiмдер жасалуда. Негiзiнен сатуға ет, сүт өнiмдерi, шұжықтар, нан-тоқаш, кондитер өнiмдерi, көкөнiс, жемiстер ұсынылады. Бiз "У дома" дүкенi сияқты жұмыс iстеймiз деп шештiк. Сауда нүктелерiн орналастыру жоспарланып отырған жерлер зерттелдi, оларды федералды және муниципалды және жекеменшiк базарлары ретiнде қарастырып жатырмыз. Облыстыӊ "Казмяспродукт" ЖШС, "Алекри" ЖШС, "Зенченко және К" КС, "Богатырский продукт" ЖШС сияқты iрi компаниялары бiзбен жұмыс iстеуге келiсiп отыр", -дедi "Интегро" ЖШС директоры.

Руслан Шариповтыӊ айтуы бойынша, бiрiншi дүкенде бренд, жеткiзiп беру, жиiлiк, жұмыс iстеу схемасы белгiленiп, жылдыӊ соӊына дейiн сақталатын болады. 2017 жылдыӊ соӊына дейiн Омбыда 2-3 павильон ашып, 2018 жылдыӊ басында Омбы мен Түменде бес павильонға дейiн орналастыру үшiн жер телiмiн алу бойынша жұмыс жүргiзiлмек. Сол сияқты Ресей Федерациясыныӊ Новосибирь, Кемерово, Челябi, Пермь, Екатеринбург сияқты қалаларын да қамту жоспарлануда.

"Қызығушылық бар. Ресейлiктерде қазiр бiзде экологиялық таза өнiм өндiрiледi, бiз оны бүлдiргемiз жоқ деген пiкiр қалыптасқан. Сондықтан алға жылжи беру керек, барлығы уақыт алатындығына кешiрiм жасауға болады, алайда бiр нүкте аздық етедi. Бұл iстелгеннiӊ аз бөлiгi ғана. Оныӊ қажет екендiгiн және үлкен болашақ екенiн бәрiмiз бiлемiз. Iстеп жатқанымыздыӊ барлығы жүзеге асуы керек", -дедi облыс әкiмi.

2017 жылдыӊ 8 айыныӊ әлеуметтiк-экономикалық дамуыныӊ қорытындысы жайлы Статистика басқармасы басшысыныӊ мiндетiн атқарушы Қуанышбек Қалижанов баяндады. Қаӊтар-тамыз айларыныӊ қорытындысы бойынша облыс 16 өӊiр арасында өнеркәсiп өнiмiнiӊ өсiмiнен 5-шi орынды иелендi. Жедел статистикалық мәлiмет бойынша, қаӊтар-шiлде айларында тұрғын үйлердi пайдалануға беру өсiмi 19,9%, өнеркәсiп көлемi -5,3% болды. Бөлшек сауда көлемi 2,3%-ға, ауыл шаруашылығы өнiмдлерi -1,5%-ға, негiзгi капиталға салынған инвестиция -0,2%-ға өстi. Осы кезеӊде 122,3 млрд. теӊгенiӊ ауыл шаруашылығы өнiмi шығарылды, НКИ -101,5%. 2017 жылы қаӊтар-тамыз айларында 55,3 мыӊ тоннаныӊ тiрi салмақта малы мен құсы сойылды, 391,9 мыӊ тонна сүт сауылды, 467,7 млн. дана жұмыртқа алынды. Ет өндiруден жоғары көрсеткiш көрсеткендер: Шал ақын ауданы -13,5%, Ғ. Мүсiрепов атындағы -10,6%, Айыртау -7,5%, Аққайыӊ -6,4%, сүт бойынша: Айыртау -10,2%, Аққайыӊ -8,6%, жұмыртқа алудан: Қызылжар -25,1%, Шал ақынауданы -19,3%, Уәлиханов ауданы -14,1%.

Облыс әкiмi өз кезегiнде өсiм қарқыны төмен аудандар да бар екенiн атап айтты.

"Сүт, жұмыртқа, ет өндiру өсiп отыр, алайда аз өнiм алған шаруашылықтар да бар. Бiзде Тайынша ауданы жұмысты iс жүзiнде құлатты. Бiрiншi жартыжылдықта да төмен едi, 8 айда да сондай нәтиже, Сiздер облысты кейiн тартудасыздар", -дедi Құмар Ақсақалов.

Тайынша ауданыныӊ әкiмi барлығы шошқа басыныӊ азайғанынан деп түсiндiрдi.

"Бiзге таяуда шошқалар әкелiнедi, сол кезде көрсеткiштi артығымен орындайтын боламыз. Жыл соӊына дейiн құс фабрикасы 13 млн. дана жұмыртқа бередi, сонда көрсеткiшiмiз 100% болады", -дедi Тайынша ауданыныӊ әкiмi Ержан Иманслям.

Өӊiр басшысыныӊ бiрiншi орынбасары Айдарбек Сапаров облыстыӊ кiрiс-шығысы туралы айтты. Ол облыстық бюджеттiӊ тартылған және жұмсалған қаражаты туралы сөз қозғап, бiрқатар аудандарда қаражаттыӊ игерiлмегенiн тiлге тиек еттi.

"Жергiлiктi бюджетке түскен салық түсiмдерiнiӊ өсу қарқыны 8 айда 108,6% болды. Жергiлiктi бюджетке қаражаттыӊ дер кезiнде түсуiн қамтамасыз ету бойынша жұмысты күшейту керек деп есептеймiн. Яғни жергiлiктi бюджеттiӊ кiрiс бөлiгiне түсiм бойынша жұмыс тобыныӊ жұмысын арттыру қажет. Аудандарда бұл жұмыс сылбыр жүргiзiледi, ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлермен 1 гектарға қанша салмақ түсетiндiгi және еӊбекақыны арттыру мәселелерi бойынша жұмыс iстеу керек. Бiзде еӊбекақы деӊгейi төмен кәсiпкерлер де бар", -дедi Айдарбек Сейпiлұлы.

Құмар Ақсақалов еӊбекақыны кемiнде 20-25%-ға көтеру туралы сөз қозғалуы қажеттiгiн алға тартты.

"Биыл бiзде ауыл шаруашылығы бойынша жақсы нәтиже қалыптасып отыр, әр гектардан 17,5 центнерден өнiм жиналуда. Астықтыӊ 85%-ы жиналды, астық -сапалы. Майлы дақылдардыӊ 60%-ы алынды. Өндiрiстi кейiн тартатын дәстүрлi шығындар жоқ. Соған сәйкес аталмыш кiрiстер инвестиция тартуға, еӊбекақы қорын арттыруға жұмсалуы керек", -дедi өӊiр басшысы

"Кiрiс-шығыс бөлiгiне қатысты орындаулар бар. Бүгiн Тимирязев, Ғ. Мүсiрепов және Тайынша аудандары нашар жұмыс iстеуде. 9 айдыӊ қорытындысы бойынша кiрiс -шығысты орындамағандарға кадрлық шешiм қолданамын, естерiӊiзде болсын. Экономика барлығын орындайтындай болып қалыптасуда деп есептеймiн", -дедi Құмар Ақсақалов.

Отырыстыӊ соӊында Құмар Ақсақалов СҚО әкiмдiгiнiӊ мүшелерiнiӊ қарауына енгiзiлген қаулылардыӊ жобасы туралы ұсынысты тыӊдады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны