19.09.2017, 15:16 4406

СҚО әкiмi өӊiрлiк кәсiпкерлер палатасыныӊ кеӊесiне қатысты

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ Өӊiрлiк кәсiпкерлер палатасы кеӊесiнiӊ мүшелерiмен кездестi. Шара барысында өӊiр бизнесiнiӊ проблемалары мен оныӊ дамытудыӊ болашағы талқыланды.

Петропавловск. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ Өӊiрлiк кәсiпкерлер палатасы кеӊесiнiӊ мүшелерiмен кездестi. Шара барысында өӊiр бизнесiнiӊ проблемалары мен оныӊ дамытудыӊ болашағы талқыланды.

"Жасырын тасымалдаушылардыӊ жолын кесу үшiн Iшкi iстер департаментiмен бiрлескен жоспар қабылданды және оларды анықтау үшiн рейдтер өткiзiледi. Тарифтердi азайту және бұл бағыттарды жасырын тасымалдаушыларға пайдасыз қылу үшiн әлеуметтiк бағыттар бойынша облысiшiлк тасымалдауға 30 млн. теӊге демеуқаржы бөлiндi. Бұрын ауданiшiлiк бағыттар ғана демеуқаржыландырылатын", - дедi Құмар Ақсақалов.

Нәтижелi жұмыспен қамту бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарына кредит ресурстарыныӊ қолжетiмдiлiгi мәселесi бойынша бағдарламаға қатысатын қаржылық институттар белсендi жұмыс iстеуде. Облыста 1,7 млрд. теӊгенiӊ 386 микрокредитi берiлдi. Жылдыӊ соӊына дейiн бағдарламаныӊ критерийiне сәйкес келетiн барлық үмiткерлер микрокредит алады.

Бүған дейiн электрмен, жылумен жабдықтауға қол жеткiзу бойынша техникалық жағдай алудыӊ проблемалылығы айтылған болатын. Мәселенiӊ маӊыздылығын ескере келiп, "СК РЭК" АҚ жыл соӊына дейiн аталмыш құжатты ЭЦП арқылы электронды түрде берудi енгiзудi жоспарлап отыр. Осы жайлы "СК РЭК" АҚ-ныӊ бас директоры Анатолий Казановский айтып бердi.

Бұдан басқа, табиғи монополиялар тарапынан бiрыӊғай электронды интерактивтi карта жасау үшiн атқарушы органдарға "СК РЭК" АҚ мен "Петропавл жылу желiлерi" ЖШС-нiӊ электр желiлерiнiӊ схемасы туралы қайтарымсыз негiзде ақпарат беру жоспарлануда.

Кездесу кезiнде отандық тауар өндiрушiлердi қолдау шаралары туралы сөз қозғалды. Осы жылдыӊ қазан айында Омбы қаласында солтүстiкқазақстандық компаниялардыӊ сауда нүктелерi ашылады.

Өӊiр басшысы бренд жасауға уақыт жұмсаудыӊ қажетi жоқтығына назар аударды. Нарықта тауардыӊ өзi өзiн танытады және солдтүстiкқазақстандық тауар өндiрушiлердi лайықты түрде көрсететiн болады

СҚО Кәсiпкерлер палатасыныӊ директоры Тұрар Ысқақов салалық бағыттар бойынша осы форматта өӊiр басшысымен кездесудi ұсынды.

Отырыс барысында бизнес өкiлдерi өз жобалары туралы сөз қозғап, болашақтағы жоспарларымен бөлiстi. Отырысқа қатысушылар қордаланған проблемаларды айтуға және өӊiр басшысына ауыл шаруашылығын, құрылысты және өнеркәсiп кәсiпорындарын дамыту туралы сауал қоюға мүмкiндiк алды. Бүдан басқа, бизнестi дамытуға кедергi келтiретiн әкiмшiлiк кедергiлер тақырыбы да сөз болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны