29.03.2017, 23:13 4866

Солтүстiк Қазақстан облысында "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бағдарламасы аясында "Семейный" брендімен супермаркеттер желісі ашылды

Солтүстiк Қазақстан облысында "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бағдарламасы аясында "Семейный" брендімен супермаркеттер желісі ашылды

Петропавловск. 29 наурыз. Kazakhstan Today - "Даму" қорыныӊ қолдауыныӊ арқасында "Таткрафт-инвест" ЖШС тағы бір дүкен ашты,-деп хабарлайды қор.

"Семейный Экспресс" енді СҚО, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылыныӊ тұрғындары үшін есігін ашты. Сөйтіп "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудыӊ біріӊғай бағдарламасы аясында "Таткрафт-Инвест" ЖШС "Семейный" брендімен супермаркеттер желісін жолға қойды.

Мұндағы тұрақ ыӊғайлы, өнім түрі көп, баға да төмен. Қала тұрғындары мұнда тек сауда жасап қана қоймай көптеген шаруашылық және іскерлік мәселелерін де шеше алады. Сатып алушылар үшін үнемі қызықты акциялар мен тиімді арзандатулар болып тұрады. "Таткрафт-Инвест" ЖШС компанияныӊ штат саны 330-дан астам адамға жетті. Яғни ЖШС Солтүстік Қазақстан облысындағы еӊ ірі табысты компаниялардыӊ тізімінде.

"Семейный Экспресс" супермаркетініӊ Бескөл ауылында ашылуы - компанияныӊ "Даму" Қоры арқылы іске асырған алғашқы жобасы емес. Бұрын жалға алып келкен супермаркет ғимараты, "Қазақстан Халық банкі" арқылы несие қаражатына сатып алынды. Сондай-ақ бұл қаржыға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сауда жабдықтарын да алды. Бұл несие "Бизнестіӊ жол картасы-2020" бағдарламасы аясында "Даму" Қорынан жеӊілдікпен берілген.

Бұдан кейін жаӊа супермаркетте нан-тоқаш және кондитерлік бұйымдарды өздері пісіріп, шикі етті қайта өӊдеп, салат пен жартылай фабрикаттар шығарып, мен дайын ас ұсынуды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Супермаркет келушілеріне кафе мен балалар алаӊдары да салынбақ. Сауда кешенініӊ жалпы алаӊы 1 300 ш.м.

"Семейный Экспресс" Қызылжар ауданыныӊ Бескөл ауылында осындай ауқымдағы бірінші рет ашылған нысан, әрі облыстық маӊызы тас жолға жақын, Петропавлдан 12 шақырым жерде орналасқан.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны