20.03.2017, 20:14 5846

Солтүстiк Қазақстан облысында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2017 жылғы қаӊтар-ақпанда 15,8 млрд теӊгені құрады

Ауыл, орман және балық шаруашылығы - 42,4%, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет - 29,4%, өнеркәсіп - 9,4% негізгі капиталға салынған инвестицияларды игеру бойынша басым салалар болып табылады.

Петропавловск. 20 наурыз. Kazakhstan Today - Солтүстiк Қазақстан облысында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2017 жылғы қаӊтар-ақпанда 15,8 млрд теӊгені құрады. Облыстық статистика департаментініӊ мәліметіне сәйкес, шаруашылық жүргізетін субъектілердіӊ меншікті қаражаты негізгі капиталға салынған инвестицияларды қаржыландырудыӊ басым көзі (63%) болып табылды, оныӊ көлемі 9,9 млрд теӊгені құрады.

Облыстық статистика департаментініӊ баспасөз хатшысыныӊ хабарлауынша, ауыл, орман және балық шаруашылығы - 42,4%, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет - 29,4%, өнеркәсіп - 9,4% негізгі капиталға салынған инвестицияларды игеру бойынша басым салалар болып табылады.

Солтүстiк Қазақстан облысында 2017 жылғы қаӊтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі - 34,3%, сауда көлемі - 9%, өнеркәсіп өндірісініӊ көлемі - 5,2% ұлғайды.

Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы бастығыныӊ орынбасары Жеӊіс Асановтыӊ айтуынша, 2017 жылғы қаӊтар-ақпанда облыстыӊ өнеркәсіп кәсіпорындары (шағын кәсіпорындарды, қосалқы өндірістерді, үй шаруашылықтары секторын қоса) қолданыстағы бағада 32,8 млрд теӊгеніӊ өнімін өндірді.

Өнеркәсіп өндірісі құрылымында 66,6% алатын өӊдеу өнеркәсібінде 21,9 млрд теӊгеніӊ өнімі өндірілді.

2017 жылғы қаӊтар-ақпанда ірімшік және сүзбе - 1,9 есе, өӊделген сүт және кілегей - 27,8%, ұзақ сақталатын кондитерлік өнімдер - 20,2%, ет және тағамдық қосымша өнімдер - 15,9% артық өндірілді.

Машина жасауда өндіріс көлемі 3,9 есе, химиялық өнеркәсіп өнімдерін шығару - 2,2 есе, кен өндіру өнеркәсібінде 15,4% өсті.

Ерлердіӊ жұмыс киімін өндіру - 2,3 есе, тауарлы бетон өндірісі - 1,9 есе, жиһаз жасау - 41,3%, пластмассадан жасалған есік және терезе өндірісі- 27,6% ұлғайды.

Барлық меншік нысанындағы құрылыс-монтаж ұйымдарыныӊ өз күшімен 1196,6 млн теӊгеніӊ мердігерлік жұмыстары орындалды.

2017 жылғы қаӊтар-ақпанда 39 жаӊа ғимараттыӊ құрылысы аяқталды, оныӊ ішінен 35 - тұрғын және 4 - тұрғын емес мақсаттағы ғимараттар.

Негізгі құрал-жабдықтар 15781,9 млн теӊге сомасына іске қосылды, одан 41,9% - ауыл, орман және балық шаруашылығына, 29,4% - әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметке, 8,6% - өнеркәсіпке, 6,8% - жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларға, 5% - өзге де қызметтер түрлерін ұсынуға келеді.

2017 жылғы ақпанда жаӊа құрылыс есебінен мәдени-сауықтыру кешені және қазандық пайдалануға берілді.

Облыс аумағында халықпен және кәсіпорындармен жалпы ауданы 13592 шаршы метр тұрғын үй енгізілді. Тұрғын үй жалпы ауданыныӊ 1 шаршы метр құрылысыныӊ орташа құны 78,3 мыӊ теӊгені құрады (2016 жылғы қаӊтар-ақпанда - 38,3 мыӊ теӊге).

2017 жылғы қаӊтар-ақпандағы бөлшек сауда көлемі 27,3 млрд теӊгені құрады. Дара кәсіпкерлер үлесіне бөлшек сауда көлемініӊ 55,1% келеді. 2017 жылғы қаӊтар-ақпандағы көтерме сауда көлемі 30,5 млрд теӊгені құрады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны