20.07.2017, 21:48 4379

Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл әуежайын дамыту перспективалары таныстырылды

Петропавл әуежайын жөндеу Ресей Федерациясыныӊ Қорған, Түмен және Омбы облыстарымен шекаралас Солтүстік Қазақстан облысыныӊ транзиттік әлеуетін тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді.

Петропавловск. 20 шілде. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев "Петропавл" Халықаралық әуежайын жөндеу барысымен және оныӊ транзиттік әлеуетін дамыту перспективаларымен танысты.

Облыс әкімініӊ орынбасары А. Федяев әуежай терминалыныӊ ғимараты мен ұшу-қону жолағыныӊ жөндеуден өткенін, бұл әуе кемелерініӊ кез келген түрін қабылдауға мүмкіндік беретінін баяндады. Бұдан өзге, әуежай перронын кеӊейту және кірме жолды жөндеу жоспарланған.

Петропавл әуежайын жөндеу Ресей Федерациясыныӊ Қорған, Түмен және Омбы облыстарымен шекаралас Солтүстік Қазақстан облысыныӊ транзиттік әлеуетін тиімдірек пайдалануға мүмкіндік береді.

Иуежай басшылығы тұрақты жолаушылар әуе рейстерініӊ санын арттыру перспективаларын, транзиттік рейстер мен жүк әуе тасымалдарына қызмет көрсету мүмкіндігін қарастыруда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны