20.09.2017, 16:35 4279

Солтүстік Қазақстан облысында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ салымшыларына арналған үлестік құрылыстыӊ аймақтық жобасы талқыланды

Қазір Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде аймақтыӊ 30 000 тұрғыны үй алу үшін ақша жинап жатыр. Оларға тиесілі жалпы депозит қоржыны 12,4 млрд теӊгені құрайды. Салымшылардыӊ барлығы бағасы аса қымбат емес, бірақ сапалы үй алуды жоспарлап отыр

Петропавловск. 20 қыркүйек. Kazakhstan Today - Петропавл қаласында "Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымдары "Қазақстанныӊ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ мен "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ Солтүстік Қазақстан облысындағы құрылыс жүргізушілермен және жергілікті атқарушы орган өкілдерімен кездесті. Тараптар бірлесіп ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады.

- Қазір Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде аймақтыӊ 30 000 тұрғыны үй алу үшін ақша жинап жатыр. Оларға тиесілі жалпы депозит қоржыны 12,4 млрд теӊгені құрайды. Салымшылардыӊ барлығы бағасы аса қымбат емес, бірақ сапалы үй алуды жоспарлап отыр, ал банк бұл жолда оларға көмектесуді мақсат етеді. Сондықтан біз бар күш-жігерімізді бір жерге шоғырландыруды ұсынамыз. Құрылыс жүгізушілермен, жергілікті әкімдікпен, Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорымен бірлесіп жұмыс жүргізе отырып, халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етеміз, жалпы аймақтағы тұрғын үй құрылысы нарығыныӊ дамуына көмектесеміз", - деді ТҮҚЖБ Солтүстік Қазақстан облысы филиалыныӊ директоры Райхан Ибдірахманова.

Солтүстік Қазақстан облысындағы құрылыс компанияларыныӊ өкілдеріне "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ кепілдік беру департаментініӊ жетекшісі Жаӊыл Саяқова кепілдік беру механизмі, құрылыстыӊ аяқталу кезеӊінде кепілдік алу схемасы, құжаттар тапсыру тәртібі туралы айтып берді. Сонымен қатар шара қатысушылары үлестік құрылыс нарығы үшін маӊызы жоғары жаӊалықты бірінші болып білді.

- "Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" АҚ осы аптада "Кепілдікті жарна мөлшерлемесін анықтау әдістемесіне" енгізілген өзгерістердіӊ мемлекеттік тіркеуден өту рәсімі аяқталады деп күтіп отыр. Ол өзгерістер бағалаудыӊ скорингтік моделі бойынша 60 және одан жоғары ұпай жинаған жағдайда барлық құрылыс жүргізушілері үшін кепілдікті жарна мөлшерлемесін 2% деӊгейінде бекітуді қарастырады. Бұл қаржылық және үш сапалық көрсеткіш бойынша 60 және одан жоғары ұпай жинаған құрылыс жүргізуші кепілдікті жарнаны осыған дейін қолданыста болған 2-6% аралығында емес, жоба құныныӊ 2%-на теӊ көлемде төлейтінін білдіреді", - деп атап өтті Жаӊыл Саяқова.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, құрылыс жүргізушілер және Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорыныӊ бірлескен жобалары қазірдіӊ өзінде басқа қалаларда жүзеге асырылуда. Мәселен, Қарағандыда ынтымақтастық туралы үшжақты келісімге қол қойылды, ал Астанада үлестік құрылыс жобасы бойынша өтініштер қабылдау басталып кетті. ТҮҚЖБ салымшыларына "Millenium Park-2" тұрғын үй кешенінен 100 пәтер ұсынылып отыр. Өтініштерді қабылдаудыӊ алғашқы 23 күнінде үлестік құрылыс қатысушысы атанып, төмендетілген бағамен пәтер сатып алуға 486 адам ниет білдірген. Сөз арасында айта кетейік, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорыныӊ кепілдігімен үлестік құрылыс жобасы бойынша несие беретін Қазақстандағы жалғыз ұйым атанады.

"Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ - еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ жалғыз акционері - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны