11.08.2018, 19:13 5645

Соӊғы бір аптада Түркістан облысы Жетісай ауданында ағын су тапшылығы сезіле бастады

"Ауданымызда ағын су тапшылығы сезіле бастады. Қазіргі таӊда мақта егістік алқаптарыныӊ ағын суды нағыз қажет етіп отырған шақ. Сондықтан арнайы техниканыӊ жұмысына кедергі келтірмей, керісінше қолғабыс жасап, Сырдария өзенінен тартылған каналдыӊ ұлтанын тазартып алуымыз қажет. Бұл бізге "МАШ" каналдағы ағын су ағынын жылдамдатып, қажетті ағын су көлемін пайдалануымызға септігін тигізеді", - деді Жамантай Қанайұлы.

Түркістан. 11 тамыз. Kazakhstan Today - Соӊғы бір аптада Түркістан облысы Жетісай ауданында ағын су тапшылығы сезіле бастады. Қазіргі таӊда көршілес Өзбекстан Республикасынан "Достық" каналына секундына небәрі 51,45 текше метр су жіберілуде. Бұдан бөлек, "МАШ" каналға Сырдария өзенінен машиналық насостық станция көмегімен секундына 27,50 текше метр ағын су тартылуда. Бұл көлем мақташылардыӊ ағын суға деген сұранысын толық қанағаттандыра алмайды. Осы түйткілдіӊ түйінін тарқату мақсатында Жетісай ауданыныӊ әкімдігі Қарағанды облысынан арнайы канал тазалағыш "Драглайн" жылжымалы техникасын алдыртып, "МАШ" канал ұлтанын тазарту жұмыстарын бастап жіберді. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімініӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Жетісай ауданыныӊ әкімі Жамантай Бейсенбаев тәулігіне 100-150 метр канал ұлтанын тазалауға мүмкіндігі бар техниканыӊ жұмысымен танысып, насостық станцияныӊ мамандарына нақты тапсырмалар жүктеді.

"Драглайн" жылжымалы техникасыныӊ жұмысқа кіріскеніне бүгін екінші күн. "МАШ" каналға ағын су тартатын каналдыӊ ұлтанын тазарту жұмыстары енді ғана қарқын ала бастапты. Аудан әкімі арнайы техниканыӊ тоқтаусыз жұмыс істеуіне барлық жағдайды жасау қажеттігін ескертті.

"Ауданымызда ағын су тапшылығы сезіле бастады. Қазіргі таӊда мақта егістік алқаптарыныӊ ағын суды нағыз қажет етіп отырған шақ. Сондықтан арнайы техниканыӊ жұмысына кедергі келтірмей, керісінше қолғабыс жасап, Сырдария өзенінен тартылған каналдыӊ ұлтанын тазартып алуымыз қажет. Бұл бізге "МАШ" каналдағы ағын су ағынын жылдамдатып, қажетті ағын су көлемін пайдалануымызға септігін тигізеді", - деді Жамантай Қанайұлы.

Мұнан соӊ аудан әкімі "МАШ" канал басында орналасқан №1, № 2, №3 насостық станциялардыӊ жұмысымен танысып, күтіп, баптап ұстауға тиісті тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны