23.02.2017, 19:22 7902

Сүлейменов: бәсекелестікке кедергі келтіретін заӊнама толық тексеріліп, олқылықтар анықталды

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мекеменіӊ кеӊейтілген алқа мәжілісінде 2016 жылы атқарылған жұмысын қорытындылап, 2017 жылға арналған басым міндеттерге тоқталды.

Астана. 23 ақпан. Kazakhstan Today - Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мекеменіӊ кеӊейтілген алқа мәжілісінде 2016 жылы атқарылған жұмысын қорытындылап, 2017 жылға арналған басым міндеттерге тоқталды.

Министр 2016 жылы ішкі және сыртқы жағдайларға бейімделу тұрғысынан экономика үшін, қиын болғанын атап өтті. "Энергоресурстардыӊ бағасы құбылмалы және тұтынушылық белсенділіктіӊ төмендеуіне қарамастан, дағдарысқа қарсы шаралар мен "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы 2016 жылы 1% ІЖӨ өсімін қамтамасыз етті", -деді Сүлейменов.

Оныӊ айтуынша экономикалық өсімге серпін береген салалар: құрылыс секторы - 2,6%, көлік және логистика - 3,8% және ауылшаруашылығы - 5,5%.Экономикалық өсімге инвестициялық белсенділік те оӊ ықпал етті. Негізгі капиталдағы инвестиция көлемі 5,1% өсіп, 7,7 трлн теӊгені құрады. Бағаны тұрақтандыруға қатысты қабылданған шаралар нәтижесінде жылдық инфляция 8,5% құрады. 2015 жылы 13,6% болған еді. Жұмыссыздық деӊгейі 5%.

"2016 жылы экономикалық белсенділікті арттыруға әсер еткен негізі фактор экономиканы "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдаламасы мен Дағдарысқа қарсы жоспар арқылы қолдау болды", - деді Сүлейменов.

Алдағы жоспарды баяндай келе, Сүлеймеов 2017 жылы ішкі және сыртқы жағдайлардыӊ біртіндеп оӊалуына байланысты биыл экономиканыӊ кейбір салалырына қатысты көрсеткіштерді қайта қарау жоспарланып отыр деді.

"Негізгі басым бағыттар: дәстүрлі тірек салалар - мұнай өндірісін Қашаған арқылы 79,5 тен 81 млн. тоннаға ұлғайту; өнеркәсіпте қайта өӊдеу саласын ИИДМБ жобалары және "Нұлы жол" Мемлекеттік бағдарламасын жалғастыру арқылы қайта өӊдеуді 1,2% дан 2,6% ұлғайту; "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы арқылы елдіӊ транзиттік әлеуетініӊ 4% өсуі" - деді министр.

Оныӊ айтуынша аталған факторлар экономиканыӊ даму қарқынын арттырады және биыл ІЖӨ өсімі 2% кем түспейді.

"2017 жылы экономикада оӊ өзгерістер, жұмыспен қамту арқылы елдегі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, халықтыӊ табыс табуына жағдай жасау, экономикалық өсімді ынталандыру жұмыстары жалғасады" - деді.

Сүлейменовтіӊ айтуынша "Қазақстанныӊ ұлттық технологиялық бастамасы" атты елдіӊ 2025 жылға дейінгі даму стартегиялық жоспарын құрастыруға отандық және халықаралық сарапшылардыӊ қатысуымен ауқымды жұмыс жүргізіледі.

"Бизнестіӊ шығындарын қысқарту, оныӊ ішінде энергетика, көлік, логистика және ТҮКШ бойынша кешенді жұмыс атқару жоспарланған. Сондай ақ,бәсекелестікке кедергі келтіретін заӊнама толық тексеріліп, олқылықтар анықталды" - деді министр.

Сүлейменов 2017 жылы ұлттық экономика министрлігініӊ жұмысы мемлекет басшысы қойған міндеттерді шешуге және экономиканыӊ бірқалыпты дамуы мен елдегі әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға бағытталған Үкіметтіӊ тапсырмасын тиімді әрі дер кезінде орындауға бағытталды деп атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны