13.04.2017, 15:42 5035

Сүлейменов: Елдіӊ 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары Қазақстанныӊ әлемдегі дамыған елдердіӊ 30-дығына кірудіӊ негізі болмақ

Құжатты әзірлеу Мемлекет басшысыныӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында жүргізілуде. Жоспардыӊ жобасы Үкіметке биылғы тамызда енгізілді.

Астана. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Ұлттық экономика министрлігінде "Қазақстанныӊ ұлттық технологиялық бастамасы" Елдіӊ 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобыныӊ бірінші отырысы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтіӊ төрағалымен өткізілді. Талқылауға жетекші экономистер мен қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, халықаралық сарапшылар қатысты.

Құжатты әзірлеу Мемлекет басшысыныӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында жүргізілуде. Жоспардыӊ жобасы Үкіметке биылғы тамызда енгізілді.

Құжаттармен жұмыс жасау үшін Ұлттық экономика министрлігінде құрамына мемлекеттік органдар, ірі компаниялар, бизнес, ҰКП өкілдері, жетекші экономистер, қоғам қайраткерлері, халықаралық сарапшылар кірген жұмыс тобы құрылып отыр. Бұл топтыӊ отырысы аптасына бір рет тұрақты түрде өткізіледі.

Бұдан басқа, сарапшылардыӊ үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету үшін 4 бағыт бойынша жобалық топтар құрылды, оған апта сайын жиналатын ірі компаниялар, ғылыми зерттеу институттары өкілдері, жетекші экономистер және қоғам қайраткерлері тартылған. Бұл топтыӊ жұмысы экономикалық өсім, макроэкономикалық тұрақтылық және технологиялық жаӊғырту; кәсіпкерлік, бәсекелестік орта, қаржылық нарықтар және инвестициялар; адам капиталын дамыту, бірыӊғай болашақтыӊ ұлты және өмір сапасын артыру; институттар мен мемлекеттік басқарудыӊ тиімділігі секілді бағыттарда жүргізіледі

Жұмыс тобыныӊ алғашқы отырысында ұйымдастыру және аталған жұмыстарға тұрғындарды тарту мәселелері талқыға салынды. Осы мақсатта онлайн-сұрақтар, сауалнама және интернет-конференцияларды іске қосу жоспарлануда.

"Елдіӊ 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары Қазақстанныӊ әлемдегі дамыған елдердіӊ 30-дығына кірудіӊ негізі болуы және экономикалық даму мен халықтыӊ әл-ауқатыныӊ жаӊа моделін құруы тиіс",- деп атап өтті Сүлейменов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны