20.03.2018, 21:28 5043

Талдықорғанда Алматы облысыныӊ кәсіпкерлері мен инвесторларыныӊ ІІ форумы өтті

Сотқа дейінгі тергеудіӊ бірыӊғай тізілімінде 95 қылмыстық іс тіркелген. Қылмыстық жауапкершілікке 59 лауазымды тұлға, түрлі жазаға 52 лауазымды тұлға тартылған. Жалпы 72 кәсіпкерлік субъектісініӊ құқығы қорғалды", - деді облыстық Ұлттық бюро басшысы

Талдықорған. 20 наурыз. Kazakhstan Today - 59 лауазымды тұлға кәсіпкерлік қызметке араласқаны үшін жауапкершілікке тартылған. Бұл туралы Алматы облысы кәсіпкерлері мен инвесторларыныӊ форумында мәлім болды.

Талдықорғанда Алматы облысыныӊ кәсіпкерлері мен инвесторларыныӊ ІІ форумы өтті. Шарада Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Алматы облысы бойынша департаментімен Өӊірлік кәсіпкерлер палатасы арасындағы Жол картасыныӊ қорытындысы айтылып,өзара ынтымақтастықтыӊ жаӊа бастамалары таныстырылды.

Форум модераторы Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы Өӊірлік кеӊесініӊ төрайымы РиммаСалықова аймақ кәсіпкерлері мен инвесторлары үшін әкімшілік кедергілерді азайту, сондай-ақ бірлескен іс-қимылдарды жүзеге асыру бойынша ұсыныстар енгізуде аталмыш шараныӊ маӊыздылығын атап өтті.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментініӊ басшысы Серікбай Нұрғисаев өз сөзінде мемлекеттік органдардыӊ есеп беру және бағалау жүйесін жетілдіру, сондай-ақ сыртқы бағалау механизмдерін анықтау арқылы қоғам мен мемлекеттіӊ мүддесін қорғау, азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтыӊ әртүрлі нысандарын құру кәсіпкерлер қоғамдастығыныӊ мемлекетке деген сенімін арттыратынын жеткізді

Форумда Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасыныӊ директоры Нариман Ибілшайықов "Атамекен" ҰКП қызметініӊ басты нәтижелеріне тоқталды. Облыстық Палата басшысы ҰКП мен Үкіметтіӊ бірлескен жұмысыныӊ арқасында Салық және Кеден кодекстеріне елеулі өзгерістер енгізіліп, бизнесті қайта реттеу, қылмыстық заӊнаманы ізгілендіру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылғанын айтты.

"2018 жылы бизнеске бағытталған 23 мемлекеттік қолдау шаралары бойынша рұқсатанама құжаттарды реинжинирингілеу және 584 қызметті оӊтайландыру бойынша жұмыс жалғастырылады. Өӊірдегі қордаланған мәселелер Кәсіпкерлердіӊ құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеӊесініӊ отырыстарына шығарылады. Кеӊес құрамынһ құқыққорғау органдарыныӊ басшылары мен қоғам қайраткерлері мүше. Жергілікті құрамды дамыту мен үлесін арттыру мақсатында жұмыс комиссиясы құрылған, онда әкімдіктер мен салалық басқармалардыӊ жұмыс нәтижелері тыӊдалады", - деді Нариман Ибілшайықов.Отандық өндірушілерді қолдау жөнінде айта келе, Нариман Ибілшайықов әкімдіктер мен мемлекеттік органдардыӊ ресми интернет-ресурстарында мемлекеттік сатып алу туралы өзекті ақпараттыӊ жоқтығына назар аудартты. Аталмыш мәселе Жетісу кәсіпкерлері алдындағы кедергілердіӊ бірі болып отыр.

Спикерлер соӊғы жылдары еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат түбегейлі өзгеріп, түрлі шаралар қолға алынғанын айтты.

Алдын алу шаралары - бұл стратегиялық міндеттердіӊ бірі болып табылады, дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросыныӊ Алматы облысы бойынша басшысы Данияр Тұрғанбаев. Осылайша жұмыс бағыты жемқорлықтыӊ салдарына емес, алғышарттарына ауысқан.

"Біздіӊ тарапымыздан шағын және орта бизнес өкілдерін қызметтеріне заӊсыз араласудан сақтау үшін барлық щаралар қолданып келеді. 2015 жылдан бастап қазірге дейін облыс бойынша шенеуніктердіӊ кәсіпкерлік субъектілері қызметіне араласудыӊ 41 фактісін анықталған. Сотқа дейінгі тергеудіӊ бірыӊғай тізілімінде 95 қылмыстық іс тіркелген. Қылмыстық жауапкершілікке 59 лауазымды тұлға, түрлі жазаға 52 лауазымды тұлға тартылған. Жалпы 72 кәсіпкерлік субъектісініӊ құқығы қорғалды", - деді облыстық Ұлттық бюро басшысы.

Тұрғанбаевтыӊ сөзінше, қылмыстыӊ көпшілігі салық қызметі, атқарушы билік органдарыныӊ қызметкерлерімен, сондай-ақ, заӊбұзушылықтар әділет органы, ауыл шаруашылығы, жергілікті атқарушы билік органыныӊ қызметкерлері тарапынан жасалған. Атамыш жағдайдардыӊ барлығы пара алумен байланысты және параныӊ құны 300 мыӊнан 2 млн теӊгеге дейін құраған.

Форум барысында өӊір кәсіпкерлері бірқатар жүйелі мәселелерді де ортаға салды.

Шара соӊында Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті, Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ұлттық бюросыныӊ (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаменті мен Алматы облысыныӊ Өӊірлік кәсіпкерлер палатасы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және кәсіпкерлер мен инвесторлардыӊ құқықтарын қорғау жөніндегі ынтымақтастық туралы төртжақты меморандумға қол қойылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны