19.09.2017, 15:21 4774

Талдықорғанда қоқыс өӊдеу зауыты ашылды

Талдықорған қаласында жылына 100 мыӊ тонна қалдық өӊдеуге қауқарлы қоқыс өӊдеу желісі ашылды. Бұл - облыс әкімініӊ тұрмыстық қатты қалдықтарды жою мен өӊдеу мәселесін шешу туралы тапсырмасын жүзеге асыру бағытында жалпы құны 1400,0 млн. теӊге болатын қоқыс өӊдеу зауыты құрылысыныӊ бірінші кезеӊі.

Талдықорған. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - Талдықорған қаласында жылына 100 мыӊ тонна қалдық өӊдеуге қауқарлы қоқыс өӊдеу желісі ашылды. Бұл - облыс әкімініӊ тұрмыстық қатты қалдықтарды жою мен өӊдеу мәселесін шешу туралы тапсырмасын жүзеге асыру бағытында жалпы құны 1400,0 млн. теӊге болатын қоқыс өӊдеу зауыты құрылысыныӊ бірінші кезеӊі.

"ADAL DAMU Capital" ЖШС басшысы, қоқыс өӊдеу зауытыныӊ директоры Ерлан Дүйсенбаевтыӊ айтуынша, қазіргі кезде өндірістік қуаттылығы жылына 100 мыӊ тонна болатын қоқыс өӊдеу желісі іске қосылды. Сол сияқты қайталама шикізаттан дайын өнім шығаратын цех пайдалануға берілді. Кәсіпорын пластик пен пленкадан түйіршіктер, полимерлі-құмды төсемелер шығаруды бастады. Жұмыртқа лотоктарын шығаратын арнайы құрылғылар әкелініп, орнатылуға дайын тұр. Жобаны жүзеге асырудыӊ екінші, үшінші кезеӊдерінде биогаз бен биошірінділер шығару жоспарланған. Осы мақсатта верми- және биогаздар кешенініӊ құрылысын жүргізу мәселесі қарастырылып жатыр.

Бүгінгі күні кәсіпорында 20 адам еӊбек етеді, ал жоба толық жүзеге асқан уақытта 170 жұмыс орны құрылады деп межеленген.

Зауыттыӊ ашылуымен қала әкімініӊ орынбасары Нұрлан Мәмбетжанов құттықтап, тұрмыстық қатты қалдықтарды жою мен өӊдеу мәселелерін шешудегі бұл жобаныӊ маӊыздылығына тоқталды.

Еске салсақ, қоқыс өӊдеу зауытыныӊ құрылысы 2016 жылы басталған болатын. Кәсіпорын Өтенай ауылдық округінде, "Талдықорған - Үштөбе" трассасыныӊ 10-шақырымында орналасқан.

Бұл инвестициялық жобаныӊ жүзеге асырылуы тұрмыстық қатты қалдықтардыӊ шығарылуы мен жыл сайын 100 мыӊ тонна қалдықты өӊдеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде полигонныӊ жүктемесін қысқартып, оныӊ қоршаған ортаға жағымсыз әсерін азайтатын болады.

Естеріӊізге салар болсақ, бүгінгі күні "Алматы облысыныӊ аумағындағы қоқыс қалдықтарын басқарудыӊ өӊірлік жүйесініӊ" техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Соныӊ шеӊберінде мемлекеттік - жекеменшік әріптестік механизмдерін қолдана отырып 16 қоқыс сұрыптау кешенін, 13 қоқысты қайта жүктеу стансаларын, 16 полигон мен 3 қоқыс өӊдеу зауытыныӊ құрылысын жүргізу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны