11.11.2018, 22:46 5093

Талдықорғанда жылумен қамту қызметіне компенсациялау тарифтері енгізілді

Талдықорған қаласында жыл басынан бері екі мәрте жылумен қамту қызметіне компенсациялау тарифі енгізілген. Атап айтқанда, 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап тариф 5 989,28 теӊге/Гкал-ға дейін, ал 1 қазаннан бастап 5 298,66 теӊге/Гкал-ға дейін төмендетілген

Талдықорған. 11 қараша. Kazakhstan Today - Талдықорған қаласында жыл басынан бері екі мәрте жылумен қамту қызметіне компенсациялау тарифі енгізілген. Атап айтқанда, 2018 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап тариф 5 989,28 теӊге/Гкал-ға дейін, ал 1 қазаннан бастап 5 298,66 теӊге/Гкал-ға дейін төмендетілген, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімініӊ баспасөз қызметі.

Сол сияқты биылғы жылдыӊ 1 қазанынан Қапшағай қаласыныӊ тұтынушылары үшін жылумен қамту қызметініӊ тарифі 1200,84 теӊге/Гкал-ға дейін төмендетілді.

Сонымен қатар Бас прокуратураныӊ тапсырмасын орындау мақсатында прокуратураныӊ, Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау жөніндегі комитет Департаментініӊ және басқа да мемлекеттік органдардыӊ мамандарынан жұмыс тобы құрылды. Осы жұмыс тобы коммуналдық шаруашылық мекемелерініӊ жұмыстарында табиғи монополиялар туралы заӊнамалардыӊ сақталуына қатысты тексеру жүргізді.

Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғаужөніндегі комитет Департаментініӊ мәліметінше, соӊғы үш жылда инвестициялық бағдарламалар мен тарифтік сметаларды орындауға қатысты коммуналдық мекемелердіӊ есептерін қарау нәтижесінде Алматы облысы бойынша 3,8 млрд. теӊгеден астам сомада компенсациялау тарифі енгізілген.

Коммуналдық қызметтер тарифініӊ негізсіз өсуіне жол бермеу шаралары Алматы облыстық әкімдігі мен Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау жөніндегі комитетініӊ Департаментітарапынан тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жылумен қамтушы кәсіпорындарда тарифтік сметалар мен инвестициялық бағдарламалардыӊ жүзеге асырылуына жүйелі мониторинг жасалады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны