23.10.2016, 16:22 5403

"Тассай" республикадағы үлгілік индустриялық аймаққа айналу әлеуетіне ие

Индустриялық аймақ аумағында инвестициялардыӊ жалпы сомасы 38 млрд. теӊгені құрайтын 23 жоба жүзеге асырылуда.

Шымкент. 23 қазан. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласындағы "Тассай" индустриялық аймағында болды. Индустриялық аймақ аумағында инвестициялардыӊ жалпы сомасы 38 млрд. теӊгені құрайтын 23 жоба жүзеге асырылуда, оныӊ ішінде 14 инвестициялық жоба бойынша құрылыс жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатса, 7 жоба - жобалық-сметалық құжаттамасын жасау сатысында тұр, деп хабарлайды облыстық әкімдіктіӊ баспасөз қызметі.

"Тассай" индустриялық аймағы фармацевтикалық, жиҺаз, азық-түлік өнеркәсібі, машина жасау зауыттары, медициналық мақсаттағы заттар өндірісі, құрылыс индустриясы кәсіпорындарын орналастыруға мамандандырылуда.

Өӊір басшысы Жансейіт Түймебаев "Мега Смарт" компаниясыныӊ МДФ панельдер, корпусты жиҺаз өндірісі зауытыныӊ жұмысымен және қазір құрал-жабдықтары монтаждалып жатқан ортопедиялық бинттер өндіретін "Марай е7" компаниясы зауытыныӊ жұмысымен танысты.

Айта кетейік, облыстыӊ жаӊа әкімі келгеннен кейін бірнеше кәсіпорынныӊ жерге қатысты проблемалары шешілді. Облыстыӊ индустриялық аймақтарындағы 14 компания, оныӊ ішінде "Тассай" индустриялық аймағындағы 2 компания, атап айтқанда, "Диойлгаз" ЖШС әкім жұмысқа кірісе сала екі күннен кейінгі кездесуде жер телімдерін беру туралы қаулыларға бірден ие болды. "Диойлгаз" ЖШС басшылығыныӊ атап көрсетуінше, ұзақ уақыттан бері шешілмей келе жатқан бұл өзекті проблема өӊірдіӊ жаӊа басшысы араласпаған жағдайда әлі де белгісіз мерзімге созыла түсер еді. Кәсіпкерлер ашық диалог жүргізу мүмкіндігін бергені және мәселелерді шұғыл түрде шешкені үшін әкімге ризашылықтарын білдірді.

Облыс басшысы алдан шыққан кедергілер туралы уақытылы хабардар етудіӊ, тікелей байланысқа шығып кез-келген проблема туралы хабарлаудыӊ маӊыздылығын ерекше атап өтіп, олардыӊ шешімін табуға тікелей араласуға әзірлік танытты.

Кәсіпкерлермен жүргізілген келіссөздерден кейін әкім индустриялық аймақта жүргізіліп жатқан жұмыстарға оӊ баға беріп, "Тассай" қазірдіӊ өзінде еліміздегі үлгі тұтарлық индустриялық аймаққа айналып үлгергенін атап көрсетті. Өӊір басшысы сәттілік тілеп, жеке бизнесті белсендірек дамыта түсуді, мемлекет тарапынан ұсынылып отырған қолдауды пайдалануды, әкімдіктіӊ көмегімен өз өнімдерін республикалық және халықаралық көрмелерде ілгерілете түсуді сұрады. Өнімніӊ жарнамасы үшін және шымкенттік тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді ілгерілете түсу үшін Қазақстанда өткізілетін ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесініӊ бірегей мүмкіндігін толық көлемде пайдалануға шақырды.

Айта кетейік, Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев өзініӊ лауазымдық іс-қызметін бірден кәсіпкерлік субъектілерініӊ жұмысымен танысудан бастады. Бұл қадамдар өӊірдіӊ экономикалық саясатында өнеркәсіп пен кәсіпкерліктіӊ, еӊ алдымен Қазақстан Республикасыныӊ Серпінді индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша индустрияландыру картасы нысандарыныӊ айрықша маӊыздылығын паш етеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны