24.05.2017, 17:07 4448

Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанға Біріккен Араб Имірліктерініӊ салған тікелей инвестициясы 2 млрд АҚШ долларына жетті

Тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта Қазақстанға БАИ-ніӊ тікелей инвестициясы 2 млрд. АҚШ долларына жетті. Сонымен қатар Қазақстан БАИ экономикасына 900 миллионнан астам АҚШ долларын инвестициялады.

Астана. 24 мамыр. Kazakhstan Today - Астанада Қазақстан мен Біріккен Араб Имірліктерініӊ бизнес форумы өтті. Форумға ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеӊіс Қасымбек, БАИ Сыртқы істер министрініӊ орынбасары Мухаммед Шараф, "Атамекен" ҰКП Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары Нұржан Илтаев, "Kazakh Invest" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары Нұрсұлтан Джинбаев қатысты. Сонымен қатар Қазақстан мен Біріккен Араб Имірліктері бизнес-қоғамдастығыныӊ өкілдері қатысты. "ASTANA" ИКК" ҰК" АҚ Айдарбек Ходжаназаров

"Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтыӊ мүшесі болып табылады, онда 180 млн. адамды қамтитын кедендік шекарасыз бірыӊғай нарық жұмыс істеуде. Сонымен қатар оныӊ сыртқы сауда айналымы 1 трлн. АҚШ долларын құрап отыр. Тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта Қазақстанға БАИ-ніӊ тікелей инвестициясы 2 млрд. АҚШ долларына жетті. Сонымен қатар Қазақстан БАИ экономикасына 900 миллионнан астам АҚШ долларын инвестициялады. Бүгінде Имірліктер бизнесініӊ қатысуымен елімізде бірлескен 200-ге тарта кәсіпорын жұмыс істейді. Қазақстанда 10 арнайы экономикалық аймақ пен 30 индустриалды аймақ бар. Мемлекет меншігіндегі кәсіпорындарды жеке секторға беруде Араб әмірліктерімен бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз", - деді ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеӊіс Қасымбек

Сонымен қатар ҚР Инвестициялар және даму министрi Жеӊiс Қасымбек Біріккен Араб Имірліктері бизнесіне Қазақстан аумағында өндірістерді құру туралы ұсыныс жасады.

Бизнес-форумда сөз алған БАИ Сыртқы істер министрініӊ орынбасары Мухаммед Шараф: "Бүгінгі бизнес форум екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты арттыруға барынша септігін тигізеді деп ойлаймын. Екі ел арасындағы сауда айналымы 2016 жылы 246 млн доллар болды. Дегенмен 2015 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 10%-ға азайған. 2005-2016 жылдар аралығында инвестиция ретінде 2 млрд АҚШ доллары құйылды. Сауда, туризм, білім беру секілді бірнеше салаларда бірлесе жұмыс істеу көзделіп отыр", - деп, қос елдіӊ кәсіпкерлерініӊ бірлескен жұмысыныӊ бастамасына сәттілік тіледі.

Форум барысында Қазақстан мен Біріккен Араб әмірліктері екі жақты меморандумға, атап айтқанда "Атамекен ҚР ҰКП мен БАИ Кәсіпкерлер палатасы және индустрия федерация арасында Қазақстан мен БАИ бірлескен бизнес кеӊесін құру жөнінде өзара түсінушілік меморандумы, "Атамекен ҚР ҰКП мен БАИ Кәсіпкерлер палатасы және индустрия федерация арасында ҚР мен БАИ арасында инвестиция мен бизнес мүмкіндіктерін күшейту бойынша өзара түсінушілік меморандумы, сондай-ақ Білім беру қорын құру туралы меморандумға қол қойылды.

"Қазақстан жалпы 45 елмен Іскерлік кеӊес құрған. Бүгінде Қазақстан-Біріккен Араб Имірліктері бизнес кеӊесі құрылды. Сонымен қатар, "Атамекен" Ұлттық палатасы мен БАИ Палата федерациясы арасында жасалған меморандум арқылы екі елдегі кәсіпкерлердіӊ құқығы мен мүддесін қорғау, оларға қолдау көрсету жұмыстары жүргізіледі. Екі ел арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Қазақстанныӊ ауыл шаруашылығы өнімдерініӊ сапасы жоғары, ал бағасы арзан, органикалық таза өнімге сұраныс жоғары. Темір жол, әуе тасымалы арқылы тауар жеткізіліп жатыр. 2016 жылы 5 мыӊнан астам қой экспортталды, биыл бұдан жоғары болуы мүмкін", - деп түсіндірді "Атамекен" ҰКП жанындағы Қазақстанныӊ сыртқы сауда палатасы Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары Нұралы Бөкейханов.

Екі ел арасында өткен бизнес-форумға Қазақстан тарапынан 588 кәсіпкер қатысты, ал БАИ делегациясыныӊ құрамында 154 кәсіпкер бар. Екі ел кәсіпкерлері іскерлік байланыс орнатуы мақсатында В2В форматындағы келіссөздер алаӊы ұйымдастырылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны