Имя
E-mail
Тема
Текст
Логин     Пароль
20 қыркүйек 2018
  • 02
  • :
  • 46
17:00

Теміржолшылар жыл аяғына дейін 106,5 млн. тонна көмір тасымалдамақ11.08.2018
Экономика  20:26
Астана. 11 тамыз. Kazakhstan Today - "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да ірі көмір кендері өкілдерініӊ қатысуымен жылу беру маусымында көмірді тоқтаусыз тасымалдау туралы кеӊес өткізілді. Онда биылғы жеті айда "ҚТЖ" ҰК" АҚ желілерінде 56 миллион тонна жүк тиелді. Оныӊ 4,5 миллион тоннасы коммунальдық -тұрмыстық мақсатқа бағытталған. Ол өткен жылдыӊ сәйкес кезеӊімен салыстырғанда 10% жоғары көрсеткіш.

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ бас директорыныӊ міндетін атқарушы Мұқтар Жамбыловтыӊ хабарлауынша, жыл аяғына дейін 106,5 миллион тонна көмір тасымалданбақ. Оныӊ 71,9 миллион тоннасы тұтынушыларға бағытталса, 34,6 миллион тоннасы экспортқа жіберіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5 % жоғары көрсеткіш.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ бастамашылығымен осындай кеӊестер өӊірлерде жергілікті атқарушы органдар, көмір кендері және басқа да мүдделі тараптардыӊ қатысуымен тұрақты негізде өткізіліп келеді. Ол кездесулерде көмір жеткізу кестесі мен жоспарын 4-ші тоқсаннан біркелкі етіп 2-3-ші тоқсанға бөлу көзделеді.

"Өткен жылы осындай ұйымдастыру жұмыстары жылу беру кәсіпорындарындағынормативтік қорды тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік әперді",-дейді "ҚТЖ-Жүк тасымалы" АҚ бас директорыныӊ міндетін атқарушы Қайрат Сәуірбаев.

Қ. Сәуірбаевтыӊ хабарлауынша, ағымдағы жылы Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарыныӊ әкімдіктерінде күзгі маусымда жеткізілетін көмір жазғы маусымға қайта бөлініп, тамыз айыныӊ аяғына дейін Жылу орталықтарыныӊ нормативтік қорын сақтаудыӊ жолы қарастырылды.

Кеӊесте тұтынушыларды көмірмен тұрақты қамтамасыз ету және оларға тиесілі жылжымалы құрам тапшылығын жою, вагондардыӊ кіре беріс жолдарда тұрып қалуын болдырмау, көршілес мемлекеттерден келген вагондардыӊ дер кезінде қайтарылуын қамтамасыз ету туралы мәселелер қаралды.

Биылғы жеті айда көмір кендерініӊ кіре берістерінде вагон айналымыныӊ орташа нормасы 11,7 сағат болса, іс жүзінде 24,2 сағатқа созылды. Осылайша, жыл басынан бері вагон айналымы нормасы орындалмауы салдарынан 70 мыӊнан астам вагонжүк тиеу ресурсы жоғалғандығы айтылды.

"Ұлттық тасымалдаушы қызмет көрсету сапасын көтеру үшін барлық өзекті жайларды жедел түрде ашық талқылауға мүдделі",-дейді Қ. Сәуірбаев.

"ҚТЖ-Жүк тасымалы" баспасөз қызметі
Просмотров: 3454

При использовании информации с сайта гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна. Авторские права на материалы агентства.
Заметили ошибку на сайте? Выделите текст и нажмите Ctrl+Enter