20.10.2017, 18:21 6660

Тимур Құлыбаев: Салық салу мәселесінде шынайы диалог орын алуы керек

"ҚҚС бойынша есепке қоюдыӊ шектік мәні өзгермейді, қайтару процедурасы жеӊілдетіледі. Талқыланып жатқан заӊ жобасы бойынша әлеуметтік салық мөлшерін 1,5%-ға төмендетуге күш салудамыз. Жалпы, "Атамекен" бизнеске түсетін салық ауыртпалығыныӊ ұлғаймауына қатысты жұмыс істеп жатыр және Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі біздіӊ көзқарастарымызбен келіскені өте маӊызды", - деді Тимур Құлыбаев.

Алматы. 20 қазан. Kazakhstan Today - "Атамекен" бизнеске салықтық жүктеменіӊ артпауына күш салады.

Қарағандыда өткен Өӊірлік кеӊес отырысына "Атамекен" ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев, ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов, Өӊірлік кәсіпкерлер палатасы мүшелері, Қарағанды облысыныӊ әкімі Ерлан Қошанов пен бизнес өкілдері де қатысты.

Жиынды ашқан Тимур Құлыбаев "Атамекен" ҚР ҰКП отандық бизнестіӊ қолдау мен дамыту, сондай-ақ, бизнестіӊ жүйелі мәселелерін шешу бойынша атқарылып жатқан жұмысына тоқталды. Мәселен, жаӊа Салық кодексін әзірлеуде жақсы нәтижелерге қол жеткізілген.

"ҚҚС бойынша есепке қоюдыӊ шектік мәні өзгермейді, қайтару процедурасы жеӊілдетіледі. Талқыланып жатқан заӊ жобасы бойынша әлеуметтік салық мөлшерін 1,5%-ға төмендетуге күш салудамыз. Жалпы, "Атамекен" бизнеске түсетін салық ауыртпалығыныӊ ұлғаймауына қатысты жұмыс істеп жатыр және Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі біздіӊ көзқарастарымызбен келіскені өте маӊызды", - деді Тимур Құлыбаев.

Осы ретте "Атамекен" басшысы салық төлеу - тікелей бизнесмендердіӊ міндеті, алайда бұл үдерісте ашық әрі шынайы диалог құрылуы керек, ал кәсіпкерлер мүддесі барынша қорғалуы тиіс деп атап өтті.

"Салықтық әрі кедендік төлемдер - бұл кәсіпкерлер, Үкімет, ҚР Қаржы министрлігін біріктіретін фактор. Егер осы үдеріс ашық әрі түсінікті пәрменде жүргізілсе, онда біз Елбасы белгілеген бағытта қозғалатын боламыз", - деді Тимур Құлыбаев.

Төралқа Төрағасыныӊ айтуынша "Атамекенніӊ" үлкен жетістіктерініӊ бірі ҚР Қылмыстық кодексінен "Жалған кәсіпкерлік" бабын алып тастауы болды. Алайда, салынып үлгерген айппұлдар мен өсімпұлдарға қатысты мәселе әлі де бар.

Ұлттық палата мәліметі бойынша 180 млрд теӊгеніӊ 2/3 бөлігі қысқартуларға жұмсалады, осылайша қаржы бизнесмендердіӊ ақша айналымынан шықпайтын болады. Қазір "Атамекен" бастамасымен Парламент депутаттары осындай контрагенттерге "салық амнистиясын" қолдану мәселесін көтеріп отыр.

Сонымен қатар Тимур Құлыбаев Ұлттық палатаныӊ бастамасымен әзірленген "Бастау Бизнес" жобасы ауыл тұрғындарына жеке кәсіп ашуда шынайы мүмкіндік болып отырғанын тілге тиек етті. Оған дәлел ретінде республика бойынша жүзеге асып жатқан жаӊа жобаларды айтуға болады. Төралқа Төрағасы әлеуметтік жауапкершілік тақырыбын да қозғады.

"Көптеген кәсіпкер Елбасыныӊ өӊірлерде әлеуметтік жобаларды қолдау арқылы үндеуіне қолдау білдірді. Біз өз кезегімізде жергілікті әкімдіктердіӊ тасада қалмауларын сұраймыз. Бюджетте ресурстар жетпей қалған жобаларды анықтау керек. Өйткені мен қайырымдылықпен айналысатын көп кәсіпкерлерді білемін, олар қол ұшын созуға дайын. Қазіргі таӊда қолданыстағы "Парыз" сыйлығыныӊ мемлекеттік сыйлық мәртебесіне дейін көтеру үшін жұмыс атқарып жатырмыз, осы арқылы бизнесмендер еӊбегі мемлекет деӊгейінде елену керек", - деді Тимур Құлыбаев.

Кездесу соӊында қатысушылар өӊірдегі кәсіпкерлердіӊ жиі қайталанатын мәселелерін тиімді шешуге қатысты пікір алмасты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны