28.04.2017, 20:45 5841

Тимур Құлыбаев: "Заӊдар сапасы еліміздіӊ тұрақты дамуына жол ашады"

Тимур Құлыбаев ҚР Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне соӊғы үш жылда - 500 өзгерту, ҚР Салық кодексіне соӊғы 9 жылда - 2500 өзгерту, Экологиялық кодексіне 500 өзгерту енгізілгенін айтты.

Астана. 28 сәуір. Kazakhstan Today - "Елбасы тапсырмасымен Салық кодексіне өзгертулер енгізу жайы талқыланып жатыр. ҚР Премьер-Министрі ҚР Ұлттық экономика мен Қаржы министрліктеріне бұл мәселені "Атамекенмен" бірлесіп шешуді тапсырды. Талқылауға депутаттардыӊ белсенді қатысқанын қалаймыз. Егер депутаттар тарапынан заӊнама тұрғысында қандай да бір ұсыныстар, ескертпелер мен толықтырулар айтылса, оларды бірден ескеруіміз керек. Осылайша, заӊдарды қарастыру кезеӊінен-ақ олардыӊ сапасы артады. Ал сапалы жазылған заӊдар еліміздіӊ тұрақты дамуына жол ашады, бұл мәселе кәсіпкерлер үшін маӊызды", - деді "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев.

"Атамекен" басшысы инвестициялық үдерісті де сөз етті. Бұл салада да заӊнаманыӊ маӊызы айтылды. "Салық", "Экологиялық", "Кеден" кодекстері қалай жұмыс істейтінін түсінбей, инвестициялық үдерісті де болжау қиын", - деді Төралқа Төрағасы.

Сонымен қатар, Тимур Құлыбаев ҚР Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне соӊғы үш жылда - 500 өзгерту, ҚР Салық кодексіне соӊғы 9 жылда - 2500 өзгерту, Экологиялық кодексіне 500 өзгерту енгізілгенін айтты.

"Міне, осындай заӊдық тұрақсыздықта ұзақ мерзімді инвестицияларды жоспарлау мүмкін емес екені айтпаса да түсінікті. Кез келген инвестиция келешекке бағдар жасаудан басталады: ертеӊ қандай экономикалық ахуал болатыны маӊызды. Сондықтан, бұл бағытта үкіметтіӊ жақсы экономикалық бағдары керек. Үкіметтік бағдар бізге бюджеттік, тарифтік, салықтық саясаттыӊ ұзақмерзімді көрінісін анықтау үшін керек. Осы ретте Ұлттық банк бізге несиелік-қаржылық саясаты бойынша бағдарын беруі шарт", - деді "Атамекен" ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны