13.06.2018, 18:06 4211

ТМД құрылысшылары ақпараттық модельдеу бойынша шағын комиссия құрды

Комиссияныӊ алғашқы отырысы 2018 жылдыӊ қыркүйек айында Қазақстанда Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтыныӊ ("ҚазҚСҒЗИ" АҚ) төрағалығымен өтеді.

Алматы. 13 маусым. Kazakhstan Today - Душанбеде ТМД құрылыс саласыныӊ өкілдері ТМД құрылысындағы ақпараттық модельдеу технологиялары саласында нормативтік-техникалық базаны дамыту бойынша шағын комиссия құрды.

Комиссияныӊ алғашқы отырысы 2018 жылдыӊ қыркүйек айында Қазақстанда Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтыныӊ ("ҚазҚСҒЗИ" АҚ) төрағалығымен өтеді.

Уағдалыстыққа ТМД елдерініӊ Құрылыс қызметіндегі ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық кеӊесініӊ техникалық реттеу мәселелері бойынша Базалық ұйымныӊ 3-ші отырысыныӊ барысында қол жеткізілді.

2018 жылдыӊ 7-9 маусымы аралығында Душанбеде өткен іс-шараға Ресейден, Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан және Тәжікстаннан келген құрылыс саласыныӊ мамандары қатысты.

Александр Шахнович, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институтыныӊ ("ҚазҚСҒЗИ" АҚ) Даму және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры "Құрылыстағы ақпараттық модельдеу саласындағы мемлекетаралық өзара әрекет етудіӊ негізгі аспектілері" баяндамасымен сөз алды.

"2017 жылы ҚазҚСҒЗИ сарапшылары Қазақстанныӊ құрылыс саласына ақпараттық модельдеуді енгізу тұжырымдамасын әзірледі, ал осы жылдыӊ сәуір айында біздіӊ сарапшылар нормативтік-техникалық құжаттарды кейіннен дұрыс цифрлау үшін терминдердіӊ өз арасындағы өзара байланысын сипаттайтын, сондай-ақ ақпараттық модельдеу технологиялары бойынша бірыӊғай мемлекетаралық цифрлық сөздік құруды ұсынды. 2018 жылдыӊ қыркүйек айына жоспарланған ТМД құрылысындағы ақпараттық модельдеу технологиялары саласындағы нормативтік-техникалық базаны дамыту бойынша шағын комиссияныӊ отырысы ТМД елдерініӊ құрылысындағы жаӊа технологияларды дамытудағы ынтымақтастықты кеӊейтуге және күшейтуге мүмкіндік беретініне сенімдімін", - деді "ҚазҚСҒЗИ" АҚ бас директоры Бегман Кульбаев.

Базалық ұйымныӊ отырысында сейсмикаға төзімді құрылыс бойынша нормаларды үйлестіру және дамыту мәселесіне, бірлескен эксперименталдық-теориялық зерттеулер жүргізуге ерекше назар аударылды.

Қазақстан ТМД аймағында сейсмикаға төзімді құрылыс саласындағы танылған сарапшы болып табылатындықтан, "ҚазҚСҒЗИ" АҚ Техникалық мәселелер жөніндегі бас директордыӊ кеӊесшісі, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердіӊ сейсмикаға төзімді құрылыс бойынша нормаларды үйлестіру және дамыту мәселелері бойынша техника ғылымдарыныӊ докторы, Миркен Абақановтыӊ баяндамасы аса қызығушылықпен тыӊдалды.

Өз кезегінде, "ҚазҚСҒЗИ" АҚ Өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Ералы Шоқбаров "ҚазҚСҒЗИ" АҚ базасында сейсмикаға төзімді құрылыс бойынша Базалық ұйым құру ұсынысымен сөз алды.

Осы мәселеніӊ өзектілігіне және осы тақырып бойынша мәселелерді кеӊінен қарастыру қажеттілігіне байланысты, сейсмикаға төзімді құрылыс бойынша жекелеген отырысты жүргізу бойынша шешім қабылданды.

Анықтама
"ҚазҚСҒЗИ" АҚ - өте күрделі инженерлік-геологиялық шарттарымен аудандарды және сейсмикалық қауіпті өӊірлерді қосқанда Қазақстанныӊ құрылыс саласын дамыту саласындағы Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік ғылыми-зерттеу және жобалау институты.
Институт 1931 жылдыӊ 7 қыркүйегінде құрылған. Қазақстанныӊ құрылыс нарығында 85 жыл тәжірибесі бар.
"ҚазҚСҒЗИ" АҚ Жалғыз Акционері Қазақстан Республикасыныӊ Инвестициялар және даму министрлігініӊ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті болып табылады.


Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны