13.07.2018, 18:08 5648

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 7-20-25 бағдарламасыныӊ шарттарын түсіндіру мақсатында мобильді топтар құрды

Аталған шешім банк филиалдарындағы адам санын азайту үшін қабылданып отыр. Жаӊа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылған соӊ бөлімшелердегі клиент саны бірнеше есе артқан болатын. Астана мен Алматыда орналасқан еӊ ірі бөлімдер күніне 1500-1900 адамнан қабылдап жатыр.

Алматы. 13 шілде. Kazakhstan Today - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ("Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымы) қызметкерлері мен штаттан тыс кеӊесшілері кіретін мобильді топтар 7-20-25 бағдарламасына қатысу шарттарын азаматтарға түсіндіру үшін кәсіпорындар мен ұйымдарға шығатын болады. Алғашқы 8 топ Алматы қаласында құрылды, алдағы уақытта бұл бастамаға басқа да аймақтар қосылады.

Аталған шешім банк филиалдарындағы адам санын азайту үшін қабылданып отыр. Жаӊа тұрғын үй бағдарламасы іске қосылған соӊ бөлімшелердегі клиент саны бірнеше есе артқан болатын. Астана мен Алматыда орналасқан еӊ ірі бөлімдер күніне 1500-1900 адамнан қабылдап жатыр.

Банк менеджерініӊ қызметін алу үшін еӊ ұзақ кезекте елорда тұрғындары тұруға мәжбүр. Себебі жалпы кеӊес беру мен 7-20-25 бағдарламасы бойынша өтінім қабылдаудан бөлек Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ астаналық филиалдарында "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 300-ден астам заем ресімделіп, беріліп жатыр. Бұдан бөлек "Өз үйім" бағдарламасы бойынша да 162 пәтер сатылуда.

Сондай-ақ банк қазір әскери қызметшілермен де белсенді жұмыс жүргізіп отыр. Астанада әскерилердіӊ 3 500-дай арнайы шотына қызмет көрсетіледі.

- Осындай жағдайдыӊ орын алып, банк клиенттерініӊ уақытын кезекте тұруға жұмсап жатқандарына өкінішімізді білдіреміз. Бастапқы кезеӊде бөлімшелерімізді штаттан тыс кеӊесшілермен қосымша күшейттік. Салымшыларымыз банктіӊ қазіргі жұмысыныӊ бізге хабарласқан әр клиенттіӊ қажет ақпарат алып, мәселесін барынша жылдам және жайлы шешуге бағытталып жатқанын білуі керек, - деп түсіндіріп өтті Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымыныӊ орынбасары Жанар Жұбаниязова.

Ол қазіргі уақытта банктіӊ бөлімшеге бармай-ақ кеӊес алуға арналған түрлі құралдар мен әдістердіӊ ұсынып отырғанын ерекше атап өтті.

Мысалы, клиенттерде видеобайланыс орнату арқылы қашықтан кеӊес алу мүмкіндігі бар. Ол үшін hcsbk.kz сайтына немесе baspana.kz порталына өтіп, оӊ жақта орналасқан видеобайланыс белгісіне басу керек. Бұл қызметті смартфон арқылы да, кәдімгі компьютер арқылы да алуға болады.

Видео кеӊес алу қызметініӊ көмегімен клиент депозит және несие, жаӊа келісім-шарт бекітуге қатысты кеӊес алып, шот бойынша көшірме ресімдеп, постдепозиттік операциялар жүргізіп, анықтамалар ала алады.Сондай-ақ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі менеджері жаӊа қызметтіӊ көмегімен кеӊес беруден бөлек сайтпен, "ЖССБ 24" интернет-банкингімен және Baspana.kz жылжымайтын мүлік порталымен жұмыс жүргізуге көмектеседі.

Қызметті жұмыс күндері 9.00 мен 19.00 аралығында пайдалануға болады. Ал сенбі күндері оператор 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттерініӊ 60%-дайы үйде немесе жұмыста отырып-ақ кеӊес алып, тіпті депозит ашып жатады. Бұл банк кеӊесшілерініӊ арқасында мүмкін болып отыр. Оларды өзіӊе ыӊғайлы уақытта және орынға шақыру үшін келесі сілтеме арқылы өтіп, қаланы таӊдап, байланысу керек: https://hcsbk.kz/contacts/network-agents/.

Сонымен қатар кеӊес алу үшін банктіӊ колл-орталығына 300 нөмірі бойынша қоӊырау шалуға, hcsbk.kz сайтында "Кері байланыс" формасын пайдалануға немесе Facebook, Instagram және ВКонтакте әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларға хабарласуға болады.

***

"Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ - еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ жалғыз акционері - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны