19.01.2018, 17:20 7262

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі акцияларыныӊ бақылау пакеті мемлекеттіӊ иелігінде қалады

"Қазақстанныӊ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ банк акцияларыныӊ тек миноритарлық бөлігі ғана сатылады деп жоспарланып отырғанын хабарлайды. Мемлекет негізгі акционер ретінде қала береді және банк өзініӊ барлық әлеуметтік функциялары мен міндеттемелерін сақтап қалады.

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - "Қазақстанныӊ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ ("Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымы) банк акцияларыныӊ тек миноритарлық бөлігі ғана сатылады деп жоспарланып отырғанын хабарлайды. Мемлекет негізгі акционер ретінде қала береді және банк өзініӊ барлық әлеуметтік функциялары мен міндеттемелерін сақтап қалады. Бұл туралы 2018 жылдыӊ 16 қаӊтарында Астанада өткен үкімет отырысы барысында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова хабарлады. Шара аясында мемлекеттік кәсіпорындардыӊ жекешелендіруін ұйымдастыру мәселесі қарастырылған болатын.

- Мемлекет басшысы өз жолдауында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүзеге асырып отырған тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесініӊ тиімділігін ерекше атап өткен болатын. Бұл жүйе халықтыӊ үлкен бөлігі үшін баспананы қолжетімді етіп отыр. Қазіргі кезде банк іздестіріп жатқан стратегиялық серіктес осы бағыттағы жұмысты жақсартуға көмектеседі. Мұндай ұйым ретінде біз Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ ары қарайғы сапалы дамуын қамтамасыз ететін, халықаралық тәжірибесі бар, осы салада маманданған, тұрақты қаржы институтын көріп отырмыз. Бұл мәміледен бірінші кезекте біздіӊ клиенттер ұтады, себебі олар технологиялық тұрғыдан дамыған қызметті алып, еӊ тиімді деген өнімдерді пайдаланатын болады, - деп түсіндірді Ләззат Ибрагимова.

Ол несиелендіру мөлшерлемелеріне қатысты қазіргі қолданыстағы барлық жеӊілдетілген шарттар толық көлемде өз күшінде қалатынын атап өтті. Айта кету керек тағы бір дүние -инвестордыӊ келуініӊ банк салымшыларына берілетін мемлекеттік сыйлықақыға еш ықпал етпеуі. Мемлекеттік сыйлықақыны төлеу нормалары "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" заӊда бекітілген.

Сонымен қатар Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі негізгі оператор ретінде "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуын жалғастырады. Жоба аясында өткен жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 8 672 пәтерден тұратын 145 үй пайдалануға берілген болатын. Осы жылы 7 981 пәтерден тұратын 95 үй мен Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы 414 жеке коттедж өз иелерін табады деп жоспарланып отыр.

***

"Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ - еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ жалғыз акционері - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны