09.08.2018, 19:50 4776

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін Шымкент қаласында 2 500 пәтерден тұратын 40 үй салынады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ ("Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымы) басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мен Шымкент қаласыныӊ әкімі Ғабидолла Ибдірахымов "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Шымкент. 9 тамыз. Kazakhstan Today - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ ("Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымы) басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мен Шымкент қаласыныӊ әкімі Ғабидолла Ибдірахымов "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл келісімге сәйкес, жалпы аумағы 150 мыӊ ш.м болатын нысандар салынатын болады. Тұрғын үйлер құрылысы қаланыӊ екі бірдей жаӊа ауданында, атап айтқанда Shymkent City мен Икімшілік-іскери орталықта жүреді. Мұндағы тұрғын үйлердіӊ 1 шаршы метрініӊ бағасы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері үшін 140 000 теӊгені құрайды.

- Алғашқы 598 пәтерді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері осы жылы ала алады, осы мақсатта қаланыӊ жаӊа әкімшілік-іскери орталығында 11 тұрғын үй салынып жатыр. Құрылыс салушы бұл нысандарды 2018 жылдыӊ желтоқсан айында пайдалануға беруді жоспарлап отыр. "Нұрлы жер" бағдарламасына қатысып, ол бойынша үй алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі шотта 20% көлеміндегі бастапқы жарнаныӊ болуы жеткілікті. 1 бөлмелі пәтердіӊ бағасы 5,6 млн теӊге деп алсақ, депозитте 1,1 млн теӊге жинау керек. Осыдан кейін банк 5% жылдық мөлшерлемемен жеӊілдетілген заем береді, - деп Ләззат Ибрагимова мемлекеттік бағдарламаға қатысу шарттарын түсіндіріп өтті.

Қалған 1 880 пәтердіӊ құрылысы мен пайдалануға берілуі 2019 жылға жоспарланып отыр. Жаӊа үйлер Shymkent City ауданында пайда болады.

"Нұрлы жер" бағдарламасыныӊ шарттарына сәйкес, келесі талаптарға сай азаматтар бұл пәтерлерден үміткер бола алады:

- ҚР азаматы немесе оралман мәртебесіне ие болуы;

- өтініш берушіде және оныӊ отбасы мүшелерінде соӊғы 5 жыл ішінде Қазақстан Республикасыныӊ аумағында жеке меншік үйініӊ болмауы;

- төлем қабілеттілігін растай алуы.

Сондай-ақ банк салымшылары басқа да бағдарламалар арқылы баспаналы бола алады.

Мысалы, қазір "Өз үйім" бағдарламасына қатысуға өтінім қабылданып жатыр. Оныӊ аясында Шымкент қаласыныӊ Төлеметов көшесінде тұрғын үй кешені салынуда. Мұндағы пәтерлердіӊ 1 шаршы метрініӊ бағасы 178 500 теӊгені құрайды. 20% көлеміндегі бастапқы жарна болған жағдайда, банк 7% мөлшерлемемен заем береді, кейін жылдық мөлшерлеме 5%-ға дейін төмендейді.

Бұған қоса, осы жылы банк салымшылары үлестік құрылысқа қауіпсіз түрде қосыла алады. Бұл бағытта Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тек Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қорыныӊ кепілдігіне ие компаниялармен ғана серіктестік орнатады. Үлестік қатысу аясындағы үй бағасы белгіленген: 1 шаршы метрдіӊ құны 180 000-250 000 теӊгені құрайды. Тұрғын үйлер Шымкенттіӊ "Нұрсәт" ықшамауданында салынып жатыр

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы сатылып жатқан барлық жаӊа нысандар туралы ақпаратты baspana.kz порталынан білуге болады. Аталған порталда қолжетімді тұрғын үйден үміткер қандай нысандардыӊ салынып жатқанын біліп, өтініш қабылданып жатқан-жатпағанын анықтап, ұнаған пәтерді таӊдап, пәтер сатып алушылар пулына қатысуға өтініш бере алады.

***

"Қазақстанныӊ тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ - еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ жалғыз акционері - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны