19.01.2019, 21:16 5435

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ әр төртінші заемы "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша берілген

Бағдарлама шарттарына сәйкес, сатылатын үйлердіӊ 1 шаршы метрініӊ бағасы алдын-ала белгіленген: Астана, Алматы, Атырау және Ақтау қалаларында 180 000 теӊгеден, ал басқа аймақтарда 140 000 теӊгеден аспайды.

Алматы. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2019 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ("Бәйтерек" холдингініӊ еншілес ұйымы) "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салымшыларын 59,7 млрд теӊгеге несиелендіруді жоспарлап отыр. Мемлекеттік бағдарлама аясындағы банк клиенттеріне арналған тұрғын үй елдіӊ барлық аймақтарында сатылатын болады. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтты.

2018 жылдыӊ қорытындысы бойынша жалпы сомасы 64 млрд теӊге болатын 8 659 пәтер сатылған. Ал, жалпы "Нұрлы жер" жүзеге асырыла бастағалы бері, яғни 2016 жылдыӊ аяғынан бастап мемлекеттік бағдарлама аясында 13 197 қазақстандық қоныс тойын атап өткен. Баспана сатып алу үшін оларға жалпы сомасы 98,2 млрд теӊгені құрайтын заемдар берілді. Қаражаттыӊ 69 пайызы республикалық бюджеттен бөлінді, ал 31 пайызы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ жеке қаражаты болды.

Аймақ әкімдіктерініӊ мәліметтері бойынша, осы жылы 14 220 пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Бағдарлама шарттарына сәйкес, сатылатын үйлердіӊ 1 шаршы метрініӊ бағасы алдын-ала белгіленген: Астана, Алматы, Атырау және Ақтау қалаларында 180 000 теӊгеден, ал басқа аймақтарда 140 000 теӊгеден аспайды.

"Нұрлы жер" бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы баспана алу үшін банктен салым ашып, оған үй бағасыныӊ 20%-на теӊ еӊ төменгі бастапқы жарна жинау керек. Осыдан кейін бағдарламаға қатысушы азамат мөлшерлемесі 5% болатын жеӊілдетілген заемнан үміткер атанады.

- Мемлекет басшысы өзініӊ "Қазақстандықтардыӊ әл-ауқатыныӊ өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты жолдауында тұрғын үй құрылысы саласында дүмпу туғызып, оныӊ дамуына үлес қосқан, мыӊдаған қазақстандыққа баспаналы болуға мүмкіндік берген "Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асырудыӊ табысын ерекше атап өтті. Оныӊ көмегімен жергілікті әкімдіктерде үй кезегінде тұрған азаматтар, бюджет саласында жұмыс істейтін қазақстандықтар, табысы нарықтық шарттармен үй сатып алуға мүмкіндік бермейтін жандар жеӊілдетілген бағамен пәтер сатып ала алады. Бағдарлама аясында берілген заемдардыӊ орташа сомасы - 7,3 млн теӊге."Нұрлы жерге" қатысушылар арасында екі бөлмелі пәтерлер еӊ үлкен сұранысқа ие болып отыр, - деп атап өтті Ләззат Ибрагимова.

Жалпы алғанда, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желісі бойынша жаӊа нысаннан үй сатып алуға берілген барлық заемдардыӊ жартысы осы "Нұрлы жер" бағдарламасы арқылы ресімделген.

"Нұрлы жер" аясында салынып жатқан нысандар туралы ақпаратты baspana.kz сайтынан білуге болады. Бұл портал үй таӊдау ыӊғайлы, ал сату ашық, айқын болсын деп арнайы жасалған. Мұнда қазақстандықтар пәтер алғысы келетін қаланы таӊдап, аймақта қандай нысандар салынып жатқанын біліп, өтінім қабылданып жатқан-жатпағанын анықтап, ұнаған пәтерді таӊдап, тұрғын үй сатып алушылар пулына қатысу үшін өтініш бере алады.

Жалпы алғанда, 2018 жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 38 295 қазақстандыққа баспаналы болуға көмектесті. Қазір 1,3 млн адам банкке сеніп, ақша жинап жатыр. Олардыӊ шотындағы қаражаттыӊ жалпы сомасы 624,2 млрд теӊгені құрайды. Клиенттерге үй алуға қажет ақшаны жинауға банк қана емес, мемлекет те көмектесіп отыр. Жыл сайын салымшылар жинаған ақшаларыныӊ 20%-на теӊ мемлекеттік сыйлықақы алады. Сыйлықақы депозиттегі жиналған ақшаныӊ 200 айлық есептік көрсеткіштен (2019 жылы 505 000 теӊге) аспайтын көлеміне беріледі.

2018 жылдыӊ қорытындысы бойынша берілетін мемлекеттік сыйлықақы осы жылдыӊ ақпан айыныӊ бірінші жартысында салымшылар шотына аударылады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны