10.08.2017, 19:27 5100

Түркия Қазақстандағы инвестиция көлемін арттыруға ынталы

"ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесініӊ аясында Түркия Республикасыныӊ Ұлттық күні өтті. Осы іс шара аясында Қазақстан-Түркия бизнес-форумы ұйымдастырылды. Аталған іс шараны өткізуге ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстанныӊ Сыртқы сауда палатасы атсалысты.

Астана. 10 тамыз. Kazakhstan Today - "ЭКСПО-2017" Халықаралық көрмесініӊ аясында Түркия Республикасыныӊ Ұлттық күні өтті. Осы іс шара аясында Қазақстан-Түркия бизнес-форумы ұйымдастырылды. Аталған іс шараны өткізуге ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстанныӊ Сыртқы сауда палатасы атсалысты.

Бизнес-форумға ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хайыров пен Түркия Республикасыныӊ Экономика министрі Нихат Зейбекджи қатысты, Қазақстан Сыртқы сауда палатасыныӊ төрағасы Аян Еренов қатысты. Сонымен қатар, екі елдіӊ 200-ден астам бизнес өкілдері бас қосты.

Форумды ашқан ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хайыров Қазақстанда изнес жүргізіп, инвестиция құйып, серіктестік байланысты дамыту үшін барлық жағдай жасалғанын ерекше атап өтті.

"Соӊғы 10 жылда, Түркиядан Қазақстанға түскен тікелей инвестициялардыӊ ағымы 2,1 млрд АҚШ долларын құрады.Сонымен қатар, Қазақстанда түрік капиталы салынған шамамен 1800 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді және екі ел арасында Үкіметаралық экономикалық комиссия жұмыс істейді. Екі елдіӊ іскер топтары үшін "Жаӊа синергия" атты бірлескен экономикалық бағдарламасы бар. Бұл бағдарлама біздіӊ елдердіӊ ынтымақтастығын нығайтып сауда-инвестициялық, өнеркәсіптік, логистикалық және тағы басқа салаларды дамытуға көзделген", - деді Ерлан Хайыров.

Бүгінде Қазақстан мен Түркия іскерлік байланысыны негізінде Іскерлік кеӊес жұмыс істейді, екі ел азаматтары үшін визасыз режим бекітілген, тікелей авиақатынас орнатылған, сондай-ақ инвестицияны ынталандыру мен екіжақты қорғау туралы Келісімге қол қойылылып, күшіне енген.

Іс-шара барысында Түркия Республикасыныӊ Экономика министрі Нихат Зейбекджи Түркияныӊ экономикалық даму көрсеткіштерін атап өтіп, халықаралық аренадағы деӊгейін ерекше атап өтті.

"Бүгінде Түркияныӊ Қазақстанға құйған инвестиция көлемі 2 млн доллар, ал Қазақстанныӊ Түркиядағы инвестиция көлемі 1 млн доллар. Біз инвестиция көлемін өзге елдердегідей артуға қауқарымыз мол. Мысалы Эфиопияға 5 млн доллар құйылған. Қазақстандағы инвестиция көлемін 4, 6 млн долларға арттыруға болады. Сонымен қатар екі ел бірігіп үшінші мемлекетке инвестиция құюға да мүкіндік бар. Түркия Еуропа мен Азияныӊ түйіскен жерінде орналасып, Қазақстан Орта Азияда хабқа айналса, сауда-экономикалық байланыс күшейетіні сөзсіз", - деді Түркияныӊ экономика министрі.

Өз кезегінде Қазақстан Сыртқы сауда палатасыныӊ төрағасы Аян Еренов түркі елдерініӊ Іскерлік кеӊесінде "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Түркияныӊ Сауда палатасы одағы арасында Келісім жасалғанын, екі ел бизнесініӊ дамуына ықпал ететін қадам жасалғанын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар форум барысында Түркия экспорттаушылар қауымдастығы Төрағасыныӊ орынбасары Мұстафа Чыкрыксоглу, Қазқастан-Түркия Іскерлік кеӊесініӊ теӊ төрағасы Мерт Сары, "Kazakh Invest" ҰК" АҚ Өӊірлік қолдау департаментініӊ директоры Жандос Нұрланов, Түркия Экономика министрлігініӊ сыртқы сауда жөніндегі сарапшысы Суат Эртилав екі елдіӊ инвестициялық мүмкіндіктері мен экспорттық әлеуетін, инвесторларға жасалған жағдайлар мен жеӊілдіктер, ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттау тақырыптарында сөз сөйледі.

Қазіргі таӊда Қазақстанда Түркияныӊ ірі холдингтері мен шағын және орта бизнес өкілдері жұмыс істейді. Абди Ибрахим (фармацевтика), Анадолу Групп (тағам өнеркәсібі), Эджибаши (жеӊіл өнеркәсіп) компанияларыныӊ жобалары іске қосылған. Сонымен қатар Йелдарым, Голд Алюминиум,Нобель Фарма (фармацевтика) және т.б. компаниялармен ынтымақтастық байланыс жалғасын тауып отыр.

Түркі тілдес бауырлас елдердіӊ бастамаларын жүзеге асыру үшін еліміздіӊ оӊтүстігінде Қазақстан-Түркия индустриалдық аймағы құрылған. Бүгінде бұл индустриалдық аймақта жалпы сомасы 40 млн доллар болатын 8 инвестициялық жоба іске асырылып отыр.

Шара барысында екі елдіӊ бизнес өкілдері В2В форматында кездесіп, іскерлік байланыс мәселелерін талқылады. Түркия делегациясыныӊ Қазақстанға арнаған жұмыс сапарында қос тарап сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін қарастырды. Атап айтқанда, түрік компаниялары құрылыс, энергетика, тоқыма өнеркәсібі, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығына арналған жабдық, туризм, машина жасау, авиациялық қызмет, қалалық ортаға арналған жабдық өндірісі, банк ісі, синтетикалық талшық пен өнеркәсіпке арналған желім шығару салаларына қызығушылығы жоғары.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны