13.09.2018, 20:57 4485

Түркия Қазақстанға $1,7 млрд инвестиция салады

Анкарада өткен Қазақстан-Түрік инвестициялық форумыныӊ аясында екі ел арасында инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы 22 коммерциялық келісімге қол қойылды.

Астана. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today - Анкарада өткен Қазақстан-Түрік инвестициялық форумыныӊ аясында екі ел арасында инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы 22 коммерциялық келісімге қол қойылды.

Түрік капиталыныӊ қатысуымен жобалар, әсіресе, ел экономикасыныӊ шикізаттық емес секторын дамытуға бағытталды. Бұдан басқа олар 3000-нан астам жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.

"Бүгінде Түркия шетелдік қатысумен компания саны бойынша екінші орынды иеленеді. Біздіӊ елде түрік компанияларыныӊ қатысуын кеӊейту елдер арасындағы капитал, үздік практика және технологиялармен алмасуға ықпал ететін негізгі факторлардыӊ бірі болып табылады", - деп атап өтті Қазақстандық-түріктік инвестициялық форумды ашқан ҚР Премьер-Министрініӊ Бірінші орынбасары А. Мамин.

Қазақстандық және түріктік компаниялар жалпы сомасы шамамен $1,7 млрд. 22 коммерциялық құжатқа қол қойды. Құжаттар түрлі инвестициялық жобаларды іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталды. Сонымен, мысалы Жамбыл облысында жалпы сомасы $270 млн. болатын, 350 жұмыс орнын құра отырып, металлургиялық, химиялық және шыны өнеркәсіптерінде пайдланылатын кальций қосылған сода өндіретін зауыт салу жоспарланды.

Kazakh Investжәне Eksen Groupқол жеткізген уағдаластықтарына сәйкес түрік инвесторлары Алматы қаласында құны $300 млн. болатын жаӊа Downtown Almaty қаржылық, әлеуметтік, бизнес-орталығын салуды жоспарлауда. Downtown Almaty-да бизнес орталықтар, JW Marriot қонақүйі мен люкс сыныпты апартаменттнер орналастырылады.

Түркістан облысыныӊ әкімдігі және DAL Holding 700 жұмыс орнын құра отырып, құны $200 млн болатын жылыту кешенін салу жобасын іске асыру туралы келісімге қол қойды.

Қазір Қазақстанда Yildizlar SSS Holding, DAL Holding, Zorlu Holding, Calik Holding, Oyak Holding, Enprode және т.б. сияқты ірі түрік компанияларыныӊ қатысуымен жаӊа ірі жобалар іске асырылуда.

Бұл қазақстандық экономика үшін басым салаларда жұмыс істейтін жаӊа түріктіӊ ТНК мүдделілігініӊ артқанын көрсетеді. "Біз ірі түрік холдингтерініӊ қазақстандық нарыққа қатысуын кеӊейту трендін нығайту туралы айта аламыз. Егер бұдан бұрын түрік инвесторлары келген дәстүрлі салалар қонақүй бизнесі, шағын және орта бизнес деӊгейінде құрылыс материалдарын шығару саналса, енді бүгін ірі түрік компаниялары ТМК, ауыл шаруашылығы, агрохимия, металлургия, өӊдеуші өнеркәсіп және т.б. сияқты жаӊа салаларды ашуда", - деді "Kazakh Invest" АҚ Басқармасыныӊ төрағасы С. Тқяқбаев.

"ЙДА Холдинг" Басқармасыныӊ Төрағасы Х.Арслан түрік инвесторлары саяси тұрақтылық, қолайлы инвестициялық климат, Еуразиялық экономикалық одақ, Орталық Азия, Батыс Қытай нарықтарына ашылып жатқан жолдыӊ арқасында өз өндірістерін кеӊейтуге мүдделі екенін атап өтті.

Заӊнаманы тұрақты жетілдіру және мемлекеттік-жеке әріптестік, "Астана" халықаралық қаржы орталығы сияқты жаӊа инвестициялау тетіктерін енгізудіӊ маӊызы зор.

"Нұрлы жер", "Нұрлы жол" индустриалдық инновациялық даму мемлекеттік бағдарламалары аясында аса қызықты мүмкіндіктер ашылуда, - деген ойымен бөлісті Х. Арслан Форум аясында. - ол қазақстандық және түріктік мемлекеттік органдар, іскерлік орталар, ұлттық және жеке компанияларды жақындату, өзара тиімді уағдаластықтарға қол жеткізу және келіссөздер жүргізу үшін диалогтық алаӊ беруге шақырады.

Қазақстандық-түріктік инвестициялық форумды Түркиядағы ҚР Елшілігініӊ қолдауымен Kazakh Invest ұйымдастырды. Іс-шараға ҚР Премьер-Министрініӊ Бірінші орынбасары Асқар Мамин, ТР Энергетика және табиғи ресурстар министрі Фатиx Донмез, "Самұрық Қазына" ҚИҚ" АҚ Басқармасыныӊ төрағасы Ахметжан Есімов, "Атамекен"ҚР ҰКП басқармасыныӊ төрағасы Абылай Мырзахметов, Инвестиция және даму министрі Ж. Қасымбек, "Kazakh Invest" ҰК басқармасыныӊ төрағасы Сапарбек Тұяқбаев, сондай-ақ 200-ден астам қазақстандық-түріктік компаниялар өкілдері қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны